Мәдени және демалыс саябағы

«Бірлік және Келісім» желекжолы

Ақтөбенің қақ орталығында қаланың 140-жылдық мерейтойына арналып салынған "Бірлік және Келісім" желекжолымен серуендеп, шаһардың тыныс-тіршілігін сезініп көріңіз.

Time left

Time to visit

2 сағат

Time left

Visit cost

Time left

Location

Ақтөбе

«Бірлік және Келісім» желекжолы

Ақтөбенің қақ орталығында қаланың 140-жылдық мерейтойына арналып салынған "Бірлік және Келісім" желекжолымен серуендеп, шаһардың тыныс-тіршілігін сезініп көріңіз.

Ақтөбе қаласының 140-жылдығына орай салынған әсем "Бейбітшілік және Келісім" желекжолы қала көркін еселей түсті. Ол Әулие Николай шіркеуі мен Нұр-Ғасыр мешітінің қақ ортасында орналасып, еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстардың бірлік-берекесін, әр түрлі дін өкілдерінің келісімге негізденген қарым-қатынасын білдіреді. Желекжолдың сәнін келтірер нысандардың қатарында Қазақстан азаматтарының ауызбірлігін бейнелейтін "Шаңырақ" монументі, 170 орындық амфитеатр,  мемориалды ротонда бар. Оған қоса қазақстандықтардың қонақжайлылығы мен жомарттығының белгісіндей болған "Молшылық тостағаны" әуенді субұрқағы мұндағы кез келген серуенді әсерлі етеді. Бұл желекжол Ақтөбедегі саяхатыңызды жарқын фотосуреттер мен әсерлі естеліктермен толықтырар орын.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourist attractions