Мәдениет сарайы

Бейбітшілік және келісім сарайы

Халық достастығының және дін еріктілігінің символы
Time left

Time to visit

3 сағат

Time left

Visit cost

300-1000

Time left

Location

Нұр-Сұлтан

Бейбітшілік және келісім сарайы

Халық достастығының және дін еріктілігінің символы

"Пирамида" сөзін ести салысымен, көз алдымызға бірден Мысыр елі елестейді. Дегенмен, елордамыз да ұлттарды біріктіріп, діндерді келістірген ерекше "пирамида" бар. Ол - Бейбітшілік және келісім сарайы. Әйгілі британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған ғимарат концерт залы, мәжіліс залы, көркемөнер галереясы сияқты бөлімдерден тұрады. Сарайдың ерекше ішкі безендірілуі де келушілердің назарын аудармай қоймасы анық. ҚР Тұңғыш Президенті бастамасымен, діни келіспеушіліктер нәтижесіндегі халықаралық қақтығыстарды болдыртпау мақсатында ұйымдастырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алғаш рет дәл осы сарайда өткізілген.

Ұлтаралық достастық пен дінаралық келісімді арқау еткен "Пирамида" түнде ерекше жарқырай түседі. Оның ұшар басында тоғысқан жарық сәулелері халқымыздың ұлттық бірлікке деген ұмтылысын бейнелеп тұратындай.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourists routes