Ежелгі қала
Ежелгі Сауран қалашығы
Түркістан облысындағы бүгінгі күнге дейін сақталған көне тарих жұрнағы
Ежелгі Сауран қалашығы
Түркістан облысындағы бүгінгі күнге дейін сақталған көне тарих жұрнағы
Көне тарихтың теңдессіз ескерткіші, ортағасырларда гүлденген шаһар болған Сауран қалашығы Түркістан облысы аумағында орналасқан. Жүзжылдықтар бұрын ортағасырлық саясаттың "жүрегі", маңызды әкімшілік орталық болған қоныс атауы Х ғасырдан бергі кезеңдермен белгіленетін тарихи жазбаларда кездеседі. Көне деректер де Сауранның өркендеп дамыған шаһар, ғаламат қамал болғандығын растайды. Кезінде қаланың абаттандырылуы мен қорғанысына көп күш жұмсалған, қолөнер ісі қарқынды жүргізілген. Көне шаһарда жалпы ұзындығы 110 шақырымға жететін жерасты су құбырлары жүйесі салынғандығы да таңқалдырарлық дерек!
Қазіргі таңда ҚР Үкіметінің тапсырысымен Сауран қалашығының аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп, тарихи мұраны қалпына келтіру жобалары іске асырылуда. Сауран - ортағасырлық әлемге жол салар тылсым мекен, қираған қамалдан қалған үйінділердің арасынан сол дәуірдің тынысын сезінуге болатын бірегей орын!