Time to visit
2 сағат
Visit cost
Location
Түркістан
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Сәулет айбындылығы мен рухани кемелділіктің ордасы
Для того чтобы оставить заявку на покупку данной услуги, вы должны быть авторизованы в системе
Исламның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ғұлама, ұлы ақын Қожа Ахмет Ясауидің құрметіне тұрғызылған осынау көрнекті кесене Түркістан облысында орналасқан. Ел арасында "Кіші Мекке" деп дәріптелетін киелі орын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Биіктігі 39 метрге жететін ғимарат бір бірімен түрлі дәліздер арқылы жалғасып жатқан 35 бөлме: көне жазба деректер сақталған кітапхана, "Қылует" жерасты мешіті, монша, жаңа туған сәбилерге тиісті діни жоралғылар орындалатын шілдехана бөлмелерінен тұрады. "Қазандық" аталатын орталық бөлмеде көнеден келе жатқан киелі жәдігер - Тайқазан орналасқан. Бұрындары жұма намазынан кейін жамағат шөлін бассын деген ниетпен бұл қола қазанға су толтырылып жүрген.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - ғасырлар бойы бар тас-түйіріне сіңірген рухани білімді әр келушісінің санасына дарытпақ қасиетті орын, Қазақстанның ғана емес, күллі Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін танытар орда. Кесене сәулет өнерінің салтанаты мен ізгіліктен көрініс тапқан рухани кемелділікті сабақтастырып тұрғандай. Түркістанға жол түскен әр адам міндетті түрде осынау жұмбаққа толы мекенге ат басын бұрып, түркі даналығының түбірі болған Әзірет Сұлтан кесенесін өз көзімен көруі керек.
Add your photo
Choose one or more photo