yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ұлттық саябақ / табиғи қорық

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

Ақсу-Жабағылы қорығы – Қазақстан аумағында ұйымдастырылған алғашқы биосфералық резерват.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Түркістан облысы

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

Ақсу-Жабағылы қорығы – Қазақстан аумағында ұйымдастырылған алғашқы биосфералық резерват.

Батыс Тянь-Шань бөктерінде орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы – түрлі табиғи аймақтар мен алуан жер бедері үйлесім тапқан аса көркем орын. Қар құрсауындағы асқар шыңдар, тау гүлдерімен көмкерілген алқаптар ешкімді бейжай қалдырмас көріністерге себепкер болады. Қорықта жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі тіршілік етіп, өніп-өсуде. Олардың қатарында осы аймақты ғана мекен еткен эндемик түрлер де жетерлік.

Ақсу-Жабағылы қорығында түлкілер мен қасқырларды, болмысы бекзат ілбістерді, аюлар мен жайраларды кездестіріп, қанаттылар әлемімен танысып, сирек кездесетін өсімдіктердің кереметіне көз тойдыра аласыз. Қорық қызметкерлері үлкенді-кішілі келушілерге арнап қызықты жорықтар мен экскурсияларды тұрақты түрде ұйымдастырып, қорық қонақтарын жиі қуантып тұрады.

Көксай шатқалы – жылдың қай мезгілінде де көрген жанды тылсым көріністерімен баурап алар Ақсу-Жабағылының басты көрнекті орны. Бір шатқалдың маңынан жасыл желекке оранған орманды да, шүйгін шөпті шалғындарды да, дархан даланы да табуға болады. Мұндағы табиғаттың тамашасын сырлы қызғалдақтар мен нәзік түймедақтар, емдік қасиеті шаш етектен шайқурай мен мыңжапырақ еселей түседі. Шатқалда жаяу серуендеуге немесе атқа мініп араласаңыз болады.

Ерекше атап өтуге тұрарлық тағы бір нысан – Ақсу өзенінің шатқалы. Көктем келісімен шатқал маңы Қызыл кітапқа енген Грейг және Кауфман қызғалдақтары құлпырған алқапқа айналады. Аталған Грейг қызғалдағы Ақсу-Жабағылы қорығының символы әрі Шымкент қаласының белгісі ретінде танылған.

Табиғат аясында тынығуға ынталы туристердің таңдауы көп жағдайда Ақсу-Жабағылы қорығына түседі. Әсіресе Түркістан және Жамбыл облыстарынан жол бастаған саяхатшылар өте көп.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Ақсу-Жабағылы бойынша экскурсияны қорық кеңсесі орналасқан Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жабағылы елді мекенінен бастаған жөн. Жабағылыға жету үшін Алматыдан 600 шақырым, Шымкенттен 100 шақырым жүріп өтуіңіз керек. Теміржол арқылы сапарлайтын болсаңыз, Түлкібас бекетінен түсіп, қалған 18 шақырымды жеке не бағдарлы таксимен еңсеруіңізге болады. Сонымен бірге «Алматы – Ташкент» тасжолымен жүретін автобусқа мініп, Ақбиік бекетіне дейін жетіп, қорыққа дейінгі 10 шақырым жолды таксимен жүріп өте аласыз. Ақбиіктің қонақжай халқы келген қонағын көліксіз қалдырмасы анық.

Шырайлы Шымкенттен Жабағылы жеріне жеткізер жол «Айна» базарының автобекетінен немесе теміржол вокзалының кіреберісінен басталады. Біріншісінде бағдарлы автобусқа мінесіз, екіншісінде такси қызметіне жүгінесіз.

Орналасу және тамақтану

Қорық аумағында келушілер үшін аса ыңғайлы, көлік тұрағы мен асханасы бар қонақүй қызмет көрсетеді. Толық ақпарат aksu-jabagly.kz сайтында қолжетімді.

Жалпы Жабағылыға жол түссе, қонақүйлердің жайлы тұрақ пен дәмді дастарханнан бөлек ұсынарын байқап көріңіз. Қонақүй иелері жергілікті көрнекті орындарға экскурсия ұйымдастырып, қазақ ұлттық тағамдарын әзірлеуді үйрететін шеберлік сабақтарын да өткізеді.

Автокөлікпен саяхаттауды жоспарлаған болсаңыз, тағы бір айтар кеңесіміз бар. Жол-жөнекей жолығар базарларды назарыңыздан тыс қалдырмай, азық қоржыныңызға күн шуағына шомыла піскен онтүстіктің жеміс-көкөністері мен әлемнің басқа қай түкпірінен іздесеңіз де, табылмайтын тандыр нан толтырып алыңыз.