Time to visit
1 күн
Visit cost
Location
Шымкент
Абдул Хамид Каттани мешіті
Абдул Хамид Каттани мешіті - бұл сабырлық, жарық пен тыныштық билеген орын.
Для того чтобы оставить заявку на покупку данной услуги, вы должны быть авторизованы в системе
1) Абдул
Хамид Каттани мешіті, Исламның үшінші негізі – мұсылман адамның мұқтаж жандарға көмек көрсетуі – зекетті орындаудың
зор үлгісі болып табылады. Сауд Арабиясының тұрғыны Абдул Хамид Каттанидің
зекетінің арқасында Шымкентте 845,5 шаршы метр болатын үлкен мұсылман
ғибадатханасы тұрғызылды. Ол 2000 адамды сыйдыра алады. Құрылымы 7 бөлмеден
тұрады, олардың ішінде дәрістік сабақтар өткізілетін бөлмелер, кітапханалар
және намаз оқуға арналған кең бөлме бар. Мешіттің алтын жалатылған күмбезінің ішін
"Фатиха" сүресі және Құрандағы танымал "әл-Күрси" аяты безендіреді.
"Алла үйінің" есіктері әрқашан ашық, сондықтан әрбір адам осы жерде болып, рухани әлеммен жақындықты сезіне алады.