Мұражай / Этно-мемориалды кешен

Түркістан облыстық өлкетану мұражайы

Қазақстан Республикасындағы ең көне мұражайлардың бірі.
Time left

Time to visit

1 сағат

Time left

Visit cost

50-200

Time left

Location

Шымкент

Түркістан облыстық өлкетану мұражайы

Қазақстан Республикасындағы ең көне мұражайлардың бірі.

1)      1920 жылы ашылған өлкетану мұражайы Қазақстан Республикасындағы ең көне мұражайлардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда оның қорында 88 мыңнан аса құнды экспонат бар. Барлығы 4 улкен көрме залына жайғастырылған. Палеонтологиялық археология, этнография, Қазақ хандығының және Тәуелсіз Қазақстан тарихына бағытталған әрбір зал  өзіндік тақырыпқа ие. Мұнда ғылыми бағыттағы мақалалар мен кітаптар жинақталған көпшілікке арналған үлкен кітапхана орналасқан. Сондай-ақ мұражайда экскурсиялық және көрмелік қызмет көрсету департаменттері және археология мен тарих қорлары бар 5 мамандандырылған бөлім жұмыс жасайды. Тарихи-өлкетану мұражайының негізінде қызықты экскурсиялық дәрістер өткізіледі, оның барысында барлық экспозициялық залдардың көрнекті үлгілері жайында толық ақпарат беріледі. Облыстық мұражайының  Түркістан әдеби-мәдени мұражайы мен Түркістан округіндегі әдеби-мемориалдық мұражайды қоса есептегенде, барлығы 8 филиалы бар.

 

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының коллекциясы тұрақты түрде өсіп, жаңартылатындықтан  келушілерді әрдайым жаңа, жұмбаққа толы қызықты туындылар мен тарихи заттар күтеді.

 

on map

Tourist attractions