Тау / жартас
«Шерқала» тауы
Ақтау қаласының маңында орналасқан облыстың басты ескерткіштерінің бірі - саз, әктас, құмтас, борлы тастардан қабаттап салынған, жұмбақтарға толы Шерқала тауы.
«Шерқала» тауы
Ақтау қаласының маңында орналасқан облыстың басты ескерткіштерінің бірі - саз, әктас, құмтас, борлы тастардан қабаттап салынған, жұмбақтарға толы Шерқала тауы.
Маңғыстау облысының әдемі тауына сапар шеккен әрбір адам оны пиалаға, киіз үйге және тіпті жасырын арыстанға ұқсастырады. Бұл алуан түрлі метафоралар, Шерқала тауының тарихы бойына сіңірген, көптеген аңыздар мен нанымдардың пайда болуына негіз болды. Тарихшылардың айтуларына сәйкес, таулы аймақтың аумағында бір кездері қала-бекініс тұрған, ал қазіргі таңда мұнда көруге болатын қалдықтар ежелгі жерлеудің іздері. Сонымен қатар, арыстан тауының айналасында домалақ қойтастардың жинағы бар, олардың кейбірі қатты желдер мен ғасырлар бойы болған өзгерістермен, соның ішінде климаттық өзгерістермен, қиратылған.
Таудың барлық айналасын айналып өту үшін бір сағаттан астам уақыт қажет болады, ал үңгірлерді зерттеуге одан да көп уақыт кетеді екен. Тауға байланысты бір наным бар, ол бойынша тауды толықтай айнала өткен жанның тілегі орындалады екен, ал бұл – әлемнің түкпірінен келген қонақтарды таңғалдырады. Мұның шын не өтірік екені белгісіз. Ал шындық - бұл арыстан тауының керемет, бірегей энергиясы, тау маңайындағы әрбір қонақтың сана-сезімімен таңғажайыптар жасайтынына негізделген. Бұл жерден кетпес бұрын, , Маңғыстау атмосферасының бір бөлігін есте сақтап қоймай, оны жақындар мен туыстарыңызға да жеткізу үшін мүмкіндігіңізше сан алуан түрлі фотосуреттер жасауды ұмытпаңыз.