Ұлттық саябақ / табиғи қорық
Бурабай көлі
Мұндағы "Табиғат мұражайы" мен хайуанаттар бағын тамашалап жүріп, Бурабайдың бар кереметін сезінеріңіз анық.
Бурабай көлі
Мұндағы "Табиғат мұражайы" мен хайуанаттар бағын тамашалап жүріп, Бурабайдың бар кереметін сезінеріңіз анық.
Көз көргенді сұлулығымен баурап алатын Бурабай аймағы атам замандардан жер жәннатына теңеліп келеді. Осынау табиғат кереметін көруге келген саяхатшылар үшін "Сапар орталығы" қызмет етеді. Мұнда қорғаудағы аймақ жайлы толыққанды ақпарат алып, бірқатар сауықтық-танымдық нысандарды аралап, өз дүниетанымыңызды кеңейте аласыз. Сіздер үшін "Сапар орталығы" негізіндегі "Табиғат мұражайынның" есігі қашанда айқара ашық. Дәл осында орналасқан хайуанаттар бағында жануарлармен еш кедергісіз қарым-қатынас орнатып, жақыннан танысуға мүмкіндік беретін "Байланыс зооалаңы" да бар.
"Табиғат мұражайы" Бурабайдың тіршілік дүниесі туралы сыр шертеді. Мұражай экспозициясында қорғауға алынған аңдар, жабайы құстар, жәндіктер мен сирек кездесетін өсімдіктер қойылған. Оған қоса, табиғи минералдар топтамасын да келушілер назарына ұсынылған. "Байланыс зооалаңындағы" жануарлармен болған сұхбаттан да естен кетпес әсер аларыңыз сөзсіз.
Бурабайдағы "Сапар орталығы" - еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейінгі барлық қонақтарына ұсынары жетіп артылатын мәдени-тынығу орны.