Қазақстан өңірлеріндегі баруға тұрарлық 5 фестиваль

Шаралар

Қазақстанда көруге тұрарлық фестивальдердің үздік бестігі

Жарқын эмоциялар, жаңа таныстар, көшпенділердің өз стиліндегі жарыстарын тамашалаудан адреналинартуын немесе, мысалы, йога, қолөнер бойынша шеберлік-сабақтарынан тәжіребитұрғыдағы толықтай жарастықты, осының барлығына жекелей, кейде барлығын бірсәтте, бір күннің ішінде Қазақстанның алуан түрлі фестивальдеріне қатысуынан иебола аласыз. Біз арасындағы ең көрнектілері жайында баяндап береміз!

Өзіңді көшпенді сезін!

"Көшпенділер әлемі" (маусым) – Көшпенділер мәдениетінің халықаралық фестивалі.Өткізу орны– Астана қаласы.Ресми парақшасы:http://won.kz

Фестиваль тұңғыш рет 2018жылы орын алды, шара қонақтары көшпенділердің еркін рухына жақын адамдар болды.Мұнда, бірнеше ғасырлар бұрын Еуразия далаларында болған атмосфераны, тіпті,өзіңді көшпенді рөлінде сезінуге, тарихқа, ежелгі өркениетке қол үшін тигізугеболады.

Фестиваль өткенаумақ 7 ауылға бөлінген, олардың тұрғындары ержүрек батырлар, мергенсадақшылар, оңтайлы сәйгүліктер, үздік қолөнершілер және әлемдегі түрліелдерден келген музыканттар болды.

Екі күн бойыәрбір «ауылда» қызықты әрі еліктіргіш шаралар өткізілді. Мысалы, «Ақ мерген»ауылында – садақшылар, «Шабыт» - музыканттар және этнофольклорлы топтар.«Тайбұрылда» ұлттық «асау» ойыны бойынша жарыстар, ал, оған жақын «Алтынсақада» - «Қазақ күресі», «арқан тарту», «асық ату», «бұқа тартыс», «Қойкөтеру» және көшпелі халықтың тағы басқа ұлттық қазақша, салт-дәстүрлі ойындарөткізіліп жатты. Ал, далалы батырлардың дала лагерінде «Батыр» ауылында көнешайқастардың қойылымдары ойналды. Қолөнершілердің шеберханасындағы қолданжасалған ерекше әшекей-бұйымдардың көрмесі «Шебер» ауылында жайғасқан.

Фестиваль тек қазақстандықтарды ғана емес, шетелденкелген қонақтарды да қызықтырып, еліктірді. Мерекелік шараның ұйымдастырушларыжеткен жетістіктеріне тоқтамайтындарын және бұл фестиваль тек жыл сайын өткізіліпқоймай, уақыт өте келе ұлғайып, еліміздің басқа да өлкелерін қамтитынынмәлімдеді.

Алматының ашық аспанының астында


Spirit of Tengri (маусымның басы) – заманауи этникалық музыканың фестивалі. Өткізу орны – Алматы қаласы. 2018 жылы алтыншы рет өткізілді. Ресми парақшасы http://thespiritoftengri.com

Ұйымдастырушылардыңфестиваль жайында айтулары бойынша, «The Spirit of Tengri – қазақ жерінде әлемелдерінің этникалық салт-дәстүрлерін көрсетуге бағытталған мултимәдениеттіжоба». Бірнеше жыл бойы сахнада әлемнің 30 елінің музыканттары өнер көрсеткен.Олардың арасындағылар: Speed Caravan африкалық-араб ұжымы, Q2A израилдік тобы, Abbosөзбектер жобасы, BaBa Zula түркиялықтобы, Hanggai қытай-монғал ұжымы, Tilla Török Band & Holdviola мадиярлықтобы, «Аргымак» башқұрлық этнорокерлері, The Shin грузия триосы, Nordic Namgarбурят-фин-норвегиялық жоба, тывалық Радик Тюлюш «Чалама» жобасымен және тағыбасқалары. Қазақстан этно топтардың арасындағылар: «Тиграхауд», «Алдаспан»,«Шарапат», Roksonaki, «Барабандар» жобасы.

Ашық аспан астында өнер көрсету, заманауи этникалықмузыка, сапалы жанды дыбыс, тегін кіреберіс – міне, осының барлығымен TheSpirit of Tengri фестивалі еліміздің басқа ірі музыкалық шараларданерекшеленеді. Бүгінгі күні The Spirit of Tengri – тек Қазақстанның емес, бүкілЕуразия жерінің мәдени бренді екені сөзсіз.

Қонақжайлылық аумағы


«Тойказан»(қазан) – Қазақстанхалқының ұлттық тағамдардың Алматылық фестивалі. 2018 жылы алтыншы реттойланды. «Тойқазан» сөзі мерекелік қазан – достық белгісін білдіреді. Бұл таңқаларлық емес, себебі, қазан той болсын, туған күн болсын немесе көктемкелуіне байланысты мереке болсын, айналасына туыстарды және жақындарды жинайды. Ұйымдастырушылардың сөздері бойынша,мерекелік шараның басты мақсаты – көп ұлтты Қазақстанда тұратын бүкіл халықтыңдостастығын және бірлігін ұлттық тағамдарды дәріптеу арқылы нығайту.

Фестивальдеұсынылған тағамдар өзінің алуан түрлілігімен көздің жауын алады, ал Қазақстандадәстүр бойынша әр тағамның негізін құрайтыны – ет. Бешбармақ, құырдақ жәнекәуаптардың дәмдерін татуға дайын тұрыңыздар. Тағамдардың дәмдерін татуданбасқа, қонақтар еліміздің ең дәмді бауырсақ, бешбармақ жасау сайыстарынақатысатын үздік аспазшылар «шайқасын» тамашалай алады.

Бүгінгі күндерідәстүрлі қазақстан тағамына тек қазақ тамақтары ғана емес, Қазақстандағы басқада халықтардың тағамдары кіреді. Өйткені біздің республикамызды 130 этносөкілдері мекен етеді. Бірде бір қазақстандық орыстың борщы, өзбектің палауынемесе ұйғырдың лағманысыз өмірін елестете алмайды!

Айтпақшы, артықтамақтанудан қорықпаңыздар! Көзіңіз әбден тәттілерге тойғаннан кейінфестивальде айналысатын шаралардың басқа да түрлері бар! Мысалыға, Қазақстанхалқының ұлттық киімдерінің дефилесін немесе еліктіргіш ат-спорттық ойындардытамашалауға, киіз үй құруға ат салысуға болады. Қолөнершілердің жұмыстарынақарап, сол жерде естелікке кәдесый сатып алуға, ал кешке қазақстандықәншілердің әндеріне құлақ салып тыңдауға болады.

Өзіндік танымға


FourЭ экоэтнофестивалі (тамыз ортасы) –төрт«Э» – экология, этника, эмоцияларжәне эволюция (даму). Бұл төрт бағыттар әр адамның рухани дамуындамаңызды рөл ойнайды. Айтпақшы, шатырларды және бүкіл аумақты ашық түстіматалармен безендіру фестиваль тұжырымдамасына байланысты төрт түстіңбасымдылығымен ойластырылған. Олар: жасыл – экология, күлгін – эволюция,қызғылт – эмоциялар, қызғылт-сары – этника. Осылайша, адасып алмайсыздар.Қайсысы жанған жайлы болса, сол жаққа бет бұрыңыздар!

Өткізу орны – Алматы облысы. Ресми парақшасы https://4e.kz.

Фестивальдеәлемнің үздік салт-дәстүрлері ұсынылған: музыка және билер, аңыздар жәнеертегілер, ұлттық киімдер. Түрлі рухани тәжірибе мамандары жиналады, мысалы, йога, психология және тағы басқалары.

Ал кешке қонақтардымузыка алаңдарының шеберлері – Қазақстан және жақын шетел әншілерішаттандырады.


«Алакөл қанаттары» (мамыр басы) – құстарды тамашалайтын,бёрдвотчерлер үшін Қазақстанда жалғыз фестиваль. Дәстүрлі түрде Алматыоблысының жағынан Алакөл көлінің жағалауында 2018 жылы алтыншы рет өткізілді. Фестивальжайлы ақпаратты www.veters.kz парақшасынан таба аласыздар. Дегенмен, көл өзініңемдік қасиетімен әйгілі, оған қоса, ол негізгі орнитологиялық аумақ болып табылады.Кәсіби орнитологтар бұл жерлерді құстардың көшіп-қону бағдарларының әлемдегіеңқолайлысы деп санайды. Бізде Орталық және Шығыс Еуропадан және Орталық және БатысАзиядан келетін ағымдар кездеседі. Одан соң бағыт оңтүстікке – Орталық жәнеШығыс Африкаға кетеді.

Фестивальдіңтойлану уақыты – мамыр басы, ал көктем – бұл, құстардың көші-қону мезгілініңпериоды және мұнда, мамандардың айтуынша, бес миллионға жуық құстар жиналады.

Қанаттылар жылыөлкелерден өз ұяларына топтасып қайтып келеді, ал кейбіреулері, тіпті,балапандарымен қайтып оралады – осының барлығы құстарды бақылау үшін ғажайып жағдайжасайды.

Мұнда қызғылтжәне бұйра бірқазандарды, сұр және аққұтандарды, алуан түрлі жалбағайларды,аққуларды, балшықшыларды көруге болады. Ал тәжірибелі бёрдвочерлерге реликтілікшағаламен (Larus relictus) кездесу қызықты болады.

Фестивальқатысушылары үшін арнайы көлікте көлдің жағалауымен де, ЖоңғарАлатауының шатқалымен де сапарлар ұйымдастырылады. Еліміздің жетекшіорнитологтары мен бёрдвотчерлері және де Алакөл мемлекеттік табиғи қорықтыңқызметкерлері танымдық дәрістермен, презентациялармен сөз сөйлейді. Фестивальқұстарды бақылауды жаңадан бастағандарға да, тәжірибелі бёрдвотчерлерге деқызықты болады, ал тілек білдіргендерге арнаулы бёрдинг-турларыұйымдастырылады. Шараның басты мақсаты – Қазақстанда орнитологиялық туризмдідамыту және дәріптеу, құстарды бақылай отырып қоршаған ортаны тану.

...Қазақстандафестивальдердің саны көп, кейбіреулері ауқымды, басқа біреулері шағын,басқаларына мыңдаған туристтер келеді, ал қалғандарына екі жүздей қонақ тажеткілікті. Мысалы, ұлттық мереке- Наурыз мерекесі, ол 22 наурыздан бастап 22сәуірге дейін бүкіл мемлекет бойынша тойланады. Ғасырлар бойы келе жатқанкөктемді тойлау түрік дәстүрлері бойынша үлкен қалаларда да, алыс жатқанауылдарда да дүркіретіп тойланады. Елді мекендердің басты алаңдарында киізүйлер құрылады, мереке қонақтарын дәстүрлі қазақ тағамдарымен тегін сыйкөрсетіледі, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады, спорттық жарыстар, сайыстар,одан соң, мерекелер, әдеттегідей, жергілікті орындаушылардың концерттерімен аяқталады.

Фестивальде некөргісі, не сезінгісі және қандай әсер алғысы келетінін турист өзі таңдайалады. Бірақ, бәрін бірге жинақтайтыны – өз қонақтарын қонақжайлылығымен және кішіпейілділігіменқарсылап алуы!