yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Этноауыл

«Ботай-Бурабай» этномұражайы

Бурабай ұлттық саябағындағы Ботай мәдениетіне арналған энеолит дәуірінің тарихи ескерткіш-тұрағы

Жататын уақыт

Жататын уақыт

2 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Ақмола облысы

«Ботай-Бурабай» этномұражайы

Бурабай ұлттық саябағындағы Ботай мәдениетіне арналған энеолит дәуірінің тарихи ескерткіш-тұрағы

Бурабай – Ақмола облысындағы таңқалдырар қыры таусылмайтын ерекше орын. Олай деуіміздің тағы бір себебі – энеолит дәуірінің Ботай мәдениетіне арналған «Ботай-Бурабай» этнография және археология мұражайы. Кешен диаметрі 8-10 метр аралығында өзгеріп тұратын ежелгі дәуірлерге сай тұрғызылған 7 қонысты біріктіреді. Барлық қоныстар жерасты өткелдермен өзара байланысқан, әрі әрқайсысының мән-мақсаты өзгелеріне ұқсамайды. Осылайша бір қоныста сол дәуірдің кәсібімен шұғылданып көрсеңіз, екінші бірінде Ботай кезеңінің қару-жарақтарымен таныса аласыз.

2021 жж. аралығында қажет болар кеңестер

Жаздың күні мұражайға еш ескерту-келісусіз келе берсеңіз болады. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының (Көкшетау қ.) экскурсоводтары мұражайдағы танымды серуеніңіздің мәнін арттырып, сәнін келтіреді. Жылдың өзге мезгілдерінде экскурсиялар алдын-ала келісім жасасу арқылы ғана өткізіледі. Неге десеңіз, мұражай кешенінде жылу жүйесі жоқ, әрі салқын маусымда келушілер тарапынан сұраныс та айтарлықтай азайып қалады.

«Ботай-Бурабай» этномұражайымен қатар жалпы «Бурабай» демалыс аймағы бойынша кешенді экскурсияға қатысқыңыз келсе, «Бурабай-Даму» компаниясының туризм бөліміне жолығыңыз. Мұнда сізге өз талап-тілегіңізге сай экскурсиялық бағдарламалар ұсынылатын болады. Егер «Ботай-Бурабай» этномұражайындағы экскурсияны жеткілікті деп тапсаңыз, тікелей Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына хабарласа аласыз.

«Ботай-Бурабай» этномұражайы Бурабай ұлттық табиғи саябағында орналасқан. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты қолдану үшін алынуы тиіс төлем әдетте экскурсия бағасына қосылып есептеледі.

Қалай жетуге болады?

«Ботай-Бурабай» этномұражайы Нұр-Сұлтан-Бурабай тасжолының бойында орналасқан. Егер жолыңыз Нұр-Сұлтанқаласынан басталса, келесідей бағытты ұстануыңыз керек: алдымен Щучинск қаласынан (Нұр-Сұлтаннан 240 шақырым) өтесіз; қаладан шыққан бетте сол жағыңыздан «Экспресс» жол бойындағы қызмет нысаны, 800 метрден соң қазірде жұмысын тоқтатқан «Рубеж» бақылау-өткізу пункті көрінеді; соңғы аталған ғимараттың артқы жағында оңға бұрылсаңыз, 300 метрден кейін «Ботай-Бурабайға» нұсқайтын тақтайша мен кешеннің өзіне де тап боласыз.

Орналасу және тамақтану

Орналасу мен тамақтануды ұйымдастыруда ешқандай мәселе туындамасы анық. Қай жақтан келетініңізге қарай этномұражайға жақын орналасқан Щучинск, Көкшетау қалаларындағы немесе «Бурабай» демалыс аймағындағы кафелерде тамақтанып, қонақүйлерге жайғасуыңызға болады.