Шипажай / демалыс аймағы
«Рахман қайнары» тау курорты
Емдік қасиетке ие ыстық қайнарларымен аты шыққан Шығыс Қазақстанның нағыз табиғи қазынасы
«Рахман қайнары» тау курорты
Емдік қасиетке ие ыстық қайнарларымен аты шыққан Шығыс Қазақстанның нағыз табиғи қазынасы
Рахман қайнары - шығыс өңірдің бағына бұйырған Табиғат-Ананың ерекше тартуы. Суы көптеген дертке шипа болар қайнарлар көрген көзді сүріндірер әсемдікке ие Рахман көлінің маңында орналасқан. Сөз арасында, көлдің суы қашанда салқын болатынын атап өте аламыз. Бұл құбылыс көлдің айтарлықтай тереңдігі, биіктаулы аймақта орналасқандығы және тау шыңдарынан келіп құятын мұздай суық салалардың ортақ әсерімен түсіндіріледі.
"Рахман қайнары" демалыс аймағы Өр Алтайдың нақ ортасында орын тапқандықтан, мұнда ем қабылдағанмен бірге, рухыңызды асқақтатар көріністерді тамашалап, тұмса табиғат құшағында армансыз демала аласыз.