yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Сарқырама

Қасқыр сарқырамасы

Қасқыр сарқырамасы-көркем оазис, онда Орал таулары Мұғалжар тауларына өтіп, Еуропа мен Азия шекарасы өтеді.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Ақтөбе облысы

Қасқыр сарқырамасы

Қасқыр сарқырамасы-көркем оазис, онда Орал таулары Мұғалжар тауларына өтіп, Еуропа мен Азия шекарасы өтеді.

Қазақстанның әр түпкірінде сұлулығымен тәнті ететін табиғат танғажайыптары көп. Қасқыр сарқырамасы – сол көркем оазистердің бірі. Сарқырама Орал мен Мұғалжар тауларының түйісетін Азия мен Еуропаның шекарасында орын тепкен. Ақтөбе облысындағы ең тартымды туристік орындардың бірі саналатын Қасқыр сарқырамасы Қарғалы ауданының бел ортасында тау жартастары мен төбешіктердің, ормандар мен көлдердің арасындағы көркем шатқалда орналасқан. Бұл – Орал мен Мұғалжар таулары өтетін Оралдың оңтүстік жоталары.

Қасқыр сарқырамасын Ащелысай деп те атайды. Себебі, оны Ащелысай (бұрынғы Григорьевка) деп аталатын ауылға жету арқылы ғана табуға болады. Қасқыр (немесе Ащылысай) сарқырамасы өткен ғасырдың 70-ші жылдары пайда болған. Сол тұста Эбита өзенінің шатқалында үлкен Ащылысай теңізінен немесе БАМ-нан келетін суға, басқаша айтқанда мұз суына арналған жасанды су ағар жасау шешімі қабылданған. Эбита өзені содан кейін Оралға құяды.

Сарқырамаға «қасқыр» атауынын тіркесуі кейіннен шыққан аңыздардан пайда болған. Сондай бір аңыз желісі бойынша, әр түн сайын өзен шатқалына сарқыраманың қатты ағынымен шайылып кеткен күшіктерін жоғалқан қасқыр келеді екен. Кейбір саяхатшылар алыстан аңның зарлы ұлыған даусын естігендерін айтады.

Сарқыраманың бар әдемілігін тек көктемде, Батамшин-Әлімбет үстіртінің шыңдарындағы қалың мұздықтар еріген кезде көруге болады. Судың мұздай болғаны соншалық аяқ буындары тартылып қалады. Есесіне сарқыраманың салқынымен демалып, табиғаттың әдемілігін сағаттап тамашай аласыз. Ұзақ жолдан кейін қайың мен қандыағаштың тоғайында серуендеудің өзі бір ғанибет.

Сарқырамаға барудың ең жақсы уақыты – сәуірдің аяғынан маусымның аяғына дейін, содан кейін сарқырама кеуіп кетеді. Бұл үлкен су үшін көп уақыт болмаса да, саяшатшылар үшін сарқырамаға келу сапарын кейінге қалдырмаудың таптырмас мүмкіндігі.

2021-2020жж пайдалы кеңестер

Сарқырамаға жету жолдары

Сарқырама Ақтөбе қаласынан 120 км қашықтықта орналасқан. Эбита өзені ағып жатқан Қарғалы шатқалына жету үшін алдымен Ащылысай ауылына жету керек. Ол Орск тас жолы бойында Ақтөбеден жүз шақырым жерде орналасқан. Осы жерге дейін Ақтөбе-Орск бағыты бойынша жүретін қалааралық автобус жетуге болады. Жол шамамен екі сағатты алады. 103-ші шақырымнан түсіп, сарқырамаға қарай жаяу жүруіңіз керек. Ащылысай кентінен солға қарай Орал тауларына қарай бағыт ұстап, шамамен үш километр жаяу жүру керек. Сарқырамаға және Ащылысай кентіне жеңіл автокөлікпен де жетуге болады, бірақ Ақтөбе қаласының туристік фирмаларының бірінен нұсқаулық алған жөн немесе жиынтықта гид және трансфер бар қазақстандық туроператорлар ұсынатын арнайы туристік маршрутты пайдаланған жөн.

Тамақтану және түнейтін жер

Егер сіз Орал тауларына тек Қасқыр сарқырамасына баруды мақсат етсеңіз, оны күндізгі уақыта да көріп қайтуға болады. Бұл жағдайда өзіңізбен бірге азық-түлік алып, ыңғайлы спорттық су өткізбейтін аяқ киім киген жөн. Орманда, сарқыраманың жанында дымқыл және салқын болуы мүмкін, сондықтан қосалқы шұлық пен сыртқы киім алған жөн.

Ащылысай ауылында дәмхана мен жанармай құю стансиясы, қонақ ұйлер бар. Осы жерден автобус, такси жүреді.