yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Көл

Есік көлі

Солтүстік Тянь-Шаньның ең әдемі тау көлдерінің бірі, ол Финикс құсы сияқты Қайта өрлеу қабілетін көрсетеді.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Есік көлі

Солтүстік Тянь-Шаньның ең әдемі тау көлдерінің бірі, ол Финикс құсы сияқты Қайта өрлеу қабілетін көрсетеді.

Есік көлі - Солтүстік Тянь-Шаньның ең әдемі тау көлдерінің бірі, ол Феникс құсы сияқты қайта тірілудің таңғажайып қабілетін көрсетеді.

Көл Іле Алатауының Есік шатқалында 1759 метр биіктікте, Алматыдан шығысқа қарай шамамен 40 км жерде орналасқан. Оған ыңғайлы көлік жолы бар. «Есік» атауы қазақтың есік, тар шатқал деген сөзінен шыққан.

Соғыстан кейінгі жылдары жапырақты және шырша орманының шекарасында орналасқан бұл көркем көл алматылықтар үшін ең сүйікті демалыс орындарының бірі болды. Көбіне бұл жерге елдің лауазымды шенділері келіп демалатын. Оның жағасында мейрамханадан бөлек автовокзал да болды. Алайда, 1963 жылы 7 шілдеде жойқын сел болып, көлді толығымен жойып, табиғи бөгетті бұзып, бүкіл шатқалға ұлкен көлемде зиян келтірді.

Бөгетті қалпына келтіру және суағар құрылыстарын құру жұмыстары 90-жылдардың басында ғана аяқталды. Нәтижесінде резервуардың төрттен үш бөлігі ғана қалпына келтірілді. Бірақ Есік көлінің көлемі қысқарып қалса да ол өзінің әдемілгін жоғалтпады. Әсіресе күз мезгілінде әдемі болып көрінетін көл мөлдір көк су мен жағалау бойындағы аралас орманмен ерекшеленеді. Көлдің төменгі бөлігінде судан шығып тұрған үлкен тастардың үйінділері пайда болды. Бұл фотосессия жасауға таптырмайтын жер.

Көлдің оңтүстігінде шатқалды сел шайып кету қаупі бар екендігі көрініп тұр. Дегенмен, қазір көл селден қорғайтын бөгетпен және су ағызу жүйесімен қорғалған. Егер сізде бос уақытыңыз болып жатса, топырақты жолмен жолмен шатқалды бойлай селден қорғайтын бөгетке дейін серуендеп қайтуға болады. Оң жағыңыздан Кремль қабырғасы деп аталатын тік жартасты көруге болады. Бұл жерде 1963 жылға дейін бірнеше рет Кеңес Одағының құзға шығу чемпионаттары өткен.

2008 және 2019 жылдары көлдің төмен жағында суды көп мөлшерде ағызуды талап ететін гидроэлектростанция салынды. Соның салдарынан көлдегі судың деңгейі қатты төмендеп кетті. Қуанышқа орай, бұл мәселе де өзінің оң шешімін тапты. Еліміздегі ерекше әдемі көлдердің бірі бұрынғыша демалушыларды қабылдап, экологиялық туризмның бір нысанына айналды.

2021-2022 жж пайдалы кеңес

Есік Іле Алатауы Ұлттық паркінің аумағында орналасқындықтан, оған барар жолда экобекет бар. ОНда экожинақ төлеу қажет.

Жету жолдары

Есік көліне бару – арнайы демалыс күнді арнап, Солтүстік Тянь-Шаньның бай табиғатын тамашалауға арналған таптырмас мүмкіндік. Бұл жерге өзіңіздің жеке көлігіңізбен де, арнайы экскурсиялық автобуспен де жете аласыз. Соңғы жылдары көліктер көлге дейін жетпей тоқтайтын болған. Бұл су жағасының қоқыстан едәуір тазаруына бірден бір себеп болды. Сіз табиғи бөгеттің төменгі бөлігінде, көлден жарты шақырым жерде орналасқан тұраққа жете аласыз. Алматыдан Құлжа трактісі бойынша барған дұрыс. Содан кейін шамамен 30 шақырымнан кейін Есікке оң жақ бұрылыс болады. Көлмен аттас қалаға жете бергенде оң жағында әйгілі Есік қорғандары көрінеді, олардың жанында уақыт болған кезде көруге болатын керемет мұражай бар. Содан кейін Есік қаласын тура жолмен жүріп өту керек, кейін таулар бойымен өтетін жолға солға бұрылып, Есік өзені арқылы өтетін көпірден, сосын екінші бағдаршамда оңға бұрылу керек. Әрі қарай жол шатқал бойымен көлге дейін созылады. Көлге суық мезгілде де келіп, қараша мен ақпан аралығында қысқы көріністі тамашалауға болады. Оның да өз ерекшелігі бар.

Тамақтану және қонақ үй

Өзіңмен бірге ас-ауқатты алған дұрыс. Оны Есік қаласында да алуға болады. Көлдің басында тамақтанатын асхана және түнейтін пансионаттар жоқ. Бұл жабайы табиғат әлемі. Бірақ, өз шатырыңызда түнеуге ешкім тйым салмайды. Бұндай жағдайда сізге Есік шатқалы сізге басқаша келбетін көрсетер.