yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Кесене

Қызыр мұнарасы

Қызыр мұнарасы – көне Испиджаб аумағындағы бүгінге дейін сақталған жалғыз мұнара.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Шымкент

Қызыр мұнарасы

Қызыр мұнарасы – көне Испиджаб аумағындағы бүгінге дейін сақталған жалғыз мұнара.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Испиджаб көне қалашығы бүгінгі таңда Шымкенттің құрамына кіретін Сайрам ауданы ретінде белгілі. Қазіргі Сайрам Өзбекстанның Шымкенттегі бір бөлшегі іспеттес. Сонымен қатар тарихы терең Сайрам көне кесенелер мен өткеннен мұра болып қалған мұнараларымен танымал. Қасиетті Құран Кәрімге Мұсаның аты аталмаған серігі ретінде түскен Қызырдың құрметіне аталған мұнара кезінде салынған уақыты шамамен IX-XII ғасырларға сәйкес келетін мешіттің құрамына кірген. Бүгінгі таңда мешіттен жалғыз ғана жұрнақ – 10,5 метрлік Қызыр мұнарасы ғана қалған.

Мұнараның басты ерекшелігі күйдірілген кірпіштен салынғандығында. Кірпіштердің беріктігі сонша, мұнараның бес метрі алғаш қалаған күйінде сақтаулы тұр. Аталмыш нысан көпшілікке зиярат орны ретінде танылса да, қарапайым туристердің де мұнараға жиі келеді. Көбіне айналмалы баспалдақпен мұнараға көтерілген қызық. Бұл да икем мен дағдыны қажет ететін оңай емес іс.

Қызырдың есімімен байланысты аңыз-әпсаналар да тағылымға толы. Түркі халықтарының ішінде Қызырды теңізшілердің жебеушісі деп білгендер, оттан қорғайтын әулие деп танығандар, тіпті оның жылан шаққаннан және ұрлықтан қорғайтынына сенгендер де болды. Бала күніңізде Қызыр ата, Қыдыр ата дегенді естіген шығарсыз. Қазақ танымында Қыдыр ата есімі сапар-саяхатқа, жолаушыларға қатысты жиі аталады. Қазақтың үйіне қонған әр мейманды «Құдай қонақ» деп, құрметтеп күтетініміз де сол танымның жұрнағы шығар. Исламда Қызырдың пайғамбар болған я болмағандығы жайлы нақты дәлел болмаса да, оның ерекше ілім иесі, бойына қасиет қонған адам болғандығын ел аузындағы діни хикаялар дәйектеп тұр. Мұса пайғамбардың сапарлас серігі болған кісі деп те көп жағдайда осы Қызырды айтады.

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Сайрамға жетудің ең жайлы жолы Шымкенттен басталады. Шым қаланың «Айна» базарына барсаңыз, сол жақтан Сайрамға қатынайтын такси де, бағдарлы автобус та табасыз.

Орналасу және тамақтану

Сайрам – тамақ талғағыш туристке Жерұйықтай көрінетін мекен. Дәстүрлі тандыр пешке піскен нан мен самса, күрішінің әр түйірін бөлек басқандай білінетін дәмі тіл үйірер палау, баппен буға пісірілген мәнті, барлығы да Сайрамның дәмі. Дәмі былай тұрсын, көшені кезген тәтті-дәмдінің тәбетті ашар хош иісін айтсаңшы. Келгенді оңайлықпен жібермейтін, кеткенді келгенінінше сағындыратын Сайрамның дастарханы осындай.

Мұндағы сауданың қайнаған қазанындай болған базарға келсеңіз, қоржыныңызды жеміс-жидекке, жаңғаққа толтырып қайтасыз. Қарныңыз бен көңіліңіз әбден тойғанда, Шымкентке оралып, сондағы көп қонақүйдің біріне жайғасуға кеңес береміз.