Кесене
Үкаша ата кесенесі мен құдығы
Түркістан өңірінің киелі орындарын араламақ болсаңыз, сапарыңыздың бағдарына міндетті түрде Үкаша ата кесенесі мен суы шипалы құдығын қосыңыз.
Үкаша ата кесенесі мен құдығы
Түркістан өңірінің киелі орындарын араламақ болсаңыз, сапарыңыздың бағдарына міндетті түрде Үкаша ата кесенесі мен суы шипалы құдығын қосыңыз.
Үкаша ата кесенесі Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың сахабасы. Ол исламды тарату жолында шахид болған. Қара күштің иесі болған ержүрек жауынгердің Аллаға құлшылық кезінде ғана күреске қауқарсыз екенін біліп, оның жаулары таң намазы кезінде Үкаша атаның басын шабады. Бас домалап түскен жерде сол сәтте құдық пайда болды. Міне, Үкаша ата жайлы тараған аңыздың желісі шамамен осындай.
Кесененің биіктігі – 4 метр, ені – 4,5 метр. Ал құлпытастың биіктігі 25 метрге жетеді. Діни қуғын-сүргін салдарынан кесене құрылысы бірнеше мәрте құлатылып, қайта тұрғызылған. Соңғы рет кесене 1986 жылы құлатылып, 90-шы жылдары кешен ретінде қалпына келтірілді. Үкаша ата кесенесінің жанында Үкаша атаның үзеңгілесі болған Ерқоян батырға 12 метрлік мазар тұрғызылған.
Кесенеден 600 метр қашықта суы шипалы құдық бар. 20 метр тереңдіктен жерасты сулары шығып жатыр. Тар әрі терең құдықтан су алудың өзі оңай емес. Бұл жердің тылсым құпиясы да осында: құдықтан су алу-алмауыңыз белгісіз. Құдықтың жанында үйілген шелектерге қарап, зиярат етушілердің бұл киелі жерге көптеп келетінін байқауға болады.
2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер
Қалай жетуге болады?
Үкаша ата кесенесі Түркістаннан солтүстікке қарай, 55 шақырым қашықта орналасқан. Бұл жерге облыстың киелі, тарихи нысандарына апаратын экскурсия құрамында, өз көлігіңізбен, болмаса такси жалдап жете аласыз.
Орналасу және тамақтану
Кесенеге экскурсиялық топ құрамында баратын болсаңыз, тамақтану жағын ұйымдастырушылар ойластырады. Ал сапарға өз бетіңізбен аттансаңыз, азық-түлікті ірі елді мекендердің бірінен сатып алып, дайындап қойғаныңыз жөн. Осы маңда қобақ болсаңыз, Түркістанға оралып, қонақүйлердің біріне жайғаса аласыз.