yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Сарқырама

Текес сарқырамасы

Табиғаты көз көргенді тамсандырар Текес өзені аңғарының ең тартымды тұсы – өзеннің өзімен аттас әсем сарқырама.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Текес сарқырамасы

Табиғаты көз көргенді тамсандырар Текес өзені аңғарының ең тартымды тұсы – өзеннің өзімен аттас әсем сарқырама.

Текес сарқырамасы Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтағы Кеген ауданында орналасқан.

Текес – Жетісудың күретамыры саналатын Ілені толтыратын қос саланың бірі. Екіншісі Күнгес.

Сарқырама өзіне жетуге талпынған туристерді өзінің үлкендігі, я болмаса биіктігімен таңғалдырмайды. Оның басты ерекшелігі – көрініс. Айтып жеткізу қиын болса да, келесідей сипаттап көрейік: алып құздар асау өзеннің арқыраған ағынын әр секунд сайын өз ырқына бағындырып, маңғаздана бой түзеп тұрғандай. Сарқыраманың өз көрінісі – «бір төбе» болса, оған жеткізер жолдың бойындағы тұмса табиғаттың бір сәтке де үзілмес көркем желісі – «бір төбе». Алматыдан басталар жол Алматы облысының табиғи рәмізіне айналып үлгерген Көлсай көлдерінің маңынан өтеді.

Таудан құлай аққан қуатты өзендер, асқарлармен бой жарыстырған биік құздар, қалың қарағай ормандары, жайқалған шалғындар: барлығы бір жолдың бойында. «Бұл жер теледидардан жиі көретін Швейцарияға ұқсайды екен!» деген ой келгенде, осынау сұлулықтың құшағында орын тапқан киіз үйлерді, жайылып жүрген отар-отар қойды, сақылдап қайнап жатқан самаурынды көріп, еріксіз қазақ даласының даралығына тамсанасың. Өзіңнің ұлы даланың мұрагері екеніңді өне бойыңмен сезінесің. Саяхатта бұдан асқан мұрат бар ма?!

Сарқырама келген қонағын жоғарыдан қарсы алады. Кейін біртіндеп төменге қарай түсуіңіз керек. Сергітерлік салқын мен бұрқылдаған су ағыны жолдан шаршағаныңыздың барлығын ұмыттырады. Айнала қоршаған сұлулықты тамашалап, шаршауға да уақытыңыз болмай қалуы ғажап емес, негізі.

2021-2022 жж. Кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Текес сарқырамасына жету үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз өзіңізде болуы тиіс. Неге десеңіз, нысан шекараға жақын аймақта орналасқан. Сарқырамаға апаратын жолмен Кеген шатқалына бұрылар тұсқа дейін асфаль, бетон, топырақты айналма жолдармен 300 шақырым жүресіз. Жалпылама айтсақ, жолға 4 сағаттай уақытыңыз кетеді.

Бағдарыңыздың басталар нүктесі Алматы болса, біріншіден Бестөбе суқоймасы мен Көлсай көлдеріне қарай жүресіз. Алдыңыздан иірімі көп, оңай емес жол күтіп тұрғанын ескеріңіз. Әрине, жолдың әр бұрылысын бес саусағындай танитын гидтің не туристік компанияның қызметіне жүгінген абзалырақ. Ал жолға өз бетіңізбен шығуға бекінсеңіз, мінісіңізге тек қана жол талғамайтын көлік жарайтынын да естен шығармаңыз. Таудың баурайында ұялы байланыс та, интернетте болмайтындықтан, саяхатыңыз кезіндегі бар қажеттілігіңізді өзіңіз өтей алатындай дайындық жасаңыз.

Орналасу және тамақтану

Сарқырамаға жеткізер соқпақты айтарлықтай ұзақ әрі күрделі деуге болады. Бұл туристік нысан өркениеттен алшақ орналасқандықтан, жылынар жер, жайғасар орын, ішіп-жейтін азықты алдын ала қамдап қою керек. Шатқалдағы ауа райы көбінесе салқын әрі жаңбырлы болатындықтан, өзіңізбен бірге пана қылар шатыр, ұйықтар төсек жабдығыңызды жинап, азық-түлік, жылы киім-кешегіңізді түгелдеп әкеліңіз. Сарқыманың үстіңгі бөлігінде шатыр тігуге болатын арнайы тұрақ бар.

Сапарыңыз таң атысымен Алматы қаласынан басталса, түнге қарай қалаға қайтып үлгересіз.

Сапарыңыз сәтті өту үшін жолға шықпастан бұрын жоспарыңызды жақындарыңызбен бөлісіңіз. Табиғат аясына жеткеніңізде де барынша ізіңізді де қалдырмай, ұқыпты саяхаттауға тырысыңыз. Қазақстанның шалғай өңірлеріне аттанатын болсаңыз, қолыңызда SOS батырмасы бар GPS треккер мен жерсерікті телефоныңыз болсын. Жаман айтпай, жақсы жоқ демекші, мұның барлығы оқыстан қандай да бір апаттық жағдай орнай қалса, сізге жедел көмек көрсету үшін керек.