Шипажай / демалыс аймағы
Тау Курорты «Oi-Qaragai»
"Oi-Qaragai" тау курорты Алматы облысында орналасқан
Тау Курорты «Oi-Qaragai»
"Oi-Qaragai" тау курорты Алматы облысында орналасқан
Mountain Resort «Oi-Qaragai» — Тянь-Шань бөтектерінің кіршіксіз таза табиғатына оранып, Еуразияның кіндігінде орналасқан барлық мезгілге арналған отбасылық тау шипажайы, бұл жерде сізге еуразия мәдениетіне сай адал қызмет көрсетіледі, барлық Қонақтарға жайлы орындарға жайғасып, салауатты тамақтана отырып, өз жақындарымен, әріптестерімен, серіктестерімен бас қосып, белсенді демалуға мүмкіндік береді.
Mountain Resort «Oi-Qaragai» шипажайының керемет инфрақұрылымы тұрғынүй, тамақтану және бос уақыт өткізу нысандарынан құралған, олардың орта Азияда, ал кейбіреуінің тіпті бүкіл әлемде баламасы жоқ. Гиннестің рекодтар кітабына еніп, жер бетіндегі ең үлкен киіз үй атағына ие болған және Әлемдегі ең үздік 10 эко-қонақүй рейтингіне енген «Ағаштан құралған ауыл», бірегей троллей саябағы, табиғи тау бедеріндегі өрмелеу қабырғасы, қазақтың дәстүрлі киіз үйлерінде орналасқан «UMAI» Этно-SPA және осыған ұқсас басқа да бірегей дүниелер «Oi-Qaragai»-ды өз қонақтарына табиғаттың аялы құшағына еніп, шыққан бастауына қайта оралуға мүмкіндік беретін жалғыз жерге айналдырды.
Шипажай аумағында 6 мейрамхана мен кафе жұмыс істейді, бұл жерде Сіз европалық, грузиндік тағамдар мен қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін тата аласыз.
Белсенді әрі салауатты демалысты қалайтын адамдар табиғат аясындағы бірегей белсенді сауық түрлері арқылы қызықты оқиғалар әлеміне еніп, Шипажайдағы тынығып, рухани күш жинайтын орындарға зиярат ете алады:
• RIDE-саябағы, онда велосипед саймандары жалға беріледі, ал қыста ол 20 шақырымға созылған жолы бар тау шаңғы курортына айналады.
• Ашық жаға ормандары мен жанаспалы атқорасы бар ат орталығы
• «Тянь-Шань рухы» троллей саябағы, ол жиынтық жол ұзындығы бойынша Әлемде үшінші, Азияда бірінші орын алады.
• Арқанды «Қызықты оқиғалар саябағы»
• Жартасқа өрмелеу саябағы
• «Ой-Қарағай» Супер-Троллей
• Пейнтбол паркі
• «UGUSHA» балалардың белсенділік клубы
• “UMAI” этно-SPA және монша
• көптеген басқалары
Егер сіз балаларыңызбен келген болсаңыз – ең кішкентай бөбектерге бала күтушінің қызметі, «Ugusha» балалар клубы, 2 жартасқа өрмелеу қабырғасы және 3 арқанды жол, жанаспалы атқора мен балалар мәзірі ұсынылады.
Аумақта серуендеу кезінде міндетті түрде біздің рухани көрнекі жерлерімізді аралаңыз:
• «Күш беретін жер»
• «Ана ағашы»
• «Бабалар ағашы»
• «Айрық» көпірі
Mountain Resort «Oi-Qaragai» брендінің слоганы мен идеясы: Бірге болу нағыз бақыт!
Біздің виртуалды турымызға кіріңіз (https://pano3d.kz/OI-Qaragai_2/#pano4653/0.0/0.0/90.0) және жылдың кез келген мезгілінде бізге достарыңызбен және жақындарыңызбен келіңіз!