Су қоймасы
Қапшағай су қоймасы
Қапшағай су қоймасы - қызықты отбасылық демалыс пен көңілді достық кездесулер өткізуге болатын керемет орын
Қапшағай су қоймасы
Қапшағай су қоймасы - қызықты отбасылық демалыс пен көңілді достық кездесулер өткізуге болатын керемет орын
1970 жылы негізі қаланған Қапшағай су қоймасы - Іле өзенінің арнасында су электр стансациясының салынуына байланысты пайда болған жасанды айдын болып табылады. Қолданысқа берілген сәттен-ақ, Қапшағай - халық шаруашылығының аса маңызды нысаны болумен қатар, керемет демалыс орнына айналған. Жаздың күні ауа райы күншуақты, суы жылы болатын Қапшағайдың жағалауы туристерге лық толы болады. Себебі, Алматы тұрғындары мен қала қонақтарының басым бөлігі жексенбілік сапарларын осы маңда өткізгенді жөн көреді. Жағалау бойында жайлы қонақ үйлер мен демалыс орындары, түрлі кафелер орналасқан. Қапшағайдың әсем айдынымен жақсырақ танысамын деуші саяхатшылар яхталар мен теплоходтарды жалға алуларына болады. Балық аулауды жаны сүйетін қонақтар үшін де бар жағдай жасалған: қайықтан бастап қармаққа дейін, қажетті құрал-жабдықтың барлығын осы маңнан табуға болады.
Қапшағай су қоймасы - жақындарыңызбен бөлісуге тұрарлық жарқын демалыс сыйлар орын.