yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ойпат

Тұзбайыр соры

Тұзбайыр соры – Маңғыстаудағы ең көркем орындардың бірі

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Манғыстау облысы

Тұзбайыр соры

Тұзбайыр соры – Маңғыстаудағы ең көркем орындардың бірі

Маңғыстау облысындағы Үстірттің атауы алты алашқа аян. Оның батыс қиырында қиылған құз-жарларымен белгілі шетсіз сор – Тұзбайыр жатыр. Жай ғана жар үстінен көз салғанның өзінде Тұзбайырдың тылсым көріністері тудырар әсерлерді сөзбен сипаттап жеткізу тым қиын. Жаңбырлы маусымдарда мұндағы ақ алқап күміс айнаға айналады. 6 шақырымдық айнаны елестетіп көріңізші! Шынымен еліктіреді. Жазда жердің беткі қыртысы қатты болғандықтан, жаяу жүру айтарлықтай қауіпсіз, тек автокөлікпен жүрмесеңіз болғаны. Тұзбайырдың қыр-сырын құз үстінен тамашалағыңыз келсе, гид мамандар өзіңізге осы өңірдің ең әсем жерлерін паш етуге қашанда дайын. Оның ішінде сордың да, алпауыт арыстан мүсінді «Сфинкс» жартастың да кереметіне көз тойдыратын боласыз.

Тұзбайыр соры жайлы бейнебаян


2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Үстірт пен Тұзбайырға жеткізер сапарды сәуірдің екінші жартысы мен мамыр айларына жоспарлаған жөн. Бұл кезеңде жасыл желек жайқалып, қызғалдақтар құлпырып, қоңыр салқын орнайды. Жаздың күні ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі. Күз де саяхатқа қолайлы маусым дегенмен дала бояулары көктемдегідей қанық болмайды.

Қалай жетуге болады?

Тұзбайыр соры Ақтаудан 250 шақырым қашықта орналасқан. Бағдардың басым бөлігі тасжолмен өтеді. Егер сорға қарай төменге түсуді жоспарламай, Тұзбайырдың көркем көріністерін жоғарыдан ғана тамашаламақ болсаңыз, көлік ретінде кез келген толық жетекті кроссоверді таңдай беріңіз. 243-ші шақырымда Ақтау–Бейнеу тасжолынан түсіп, тегістелген қара жолмен құздың қиырына жетуіңіз керек. Бұл жерден түрлі қалыпта түзілген жұрнақ тау-төбелердің алқабына таңғажайып көрініс ашылады. Ішіндегі ең ерекшесі – «Сфинкс». Маңызды ескертуіміз бар: жаныңызда білікті гид болмаса, бұрындары сорлы жерде көлік жүргізбесеңіз төменге түспеген дұрыс. Сордың беткі қабаты сырт қарағанда қалың көрінгенімен, тым алдамшы. Беткі қатқыл қабаттың астында ми батпақ жасырылып жатуы мүмкін.

Орналасу және тамақтану

Құрал-жабдық, азық-түлік және судың қорын Ақтау қаласында қамдап қойып, сапар барысында өзіңізді өзіңіз бар қажеттімен толық қамтамасыз ететіндей дайындығыңыз болуы – шарт. Дегенмен өркениет игіліктерінен бас тартқыңыз келмей, саяхатыңыздың үйреншікті жайлылықта өткенін қаласаңыз, Сфинкс жартасын көруге болатын шолу алаңынан жүздеген шақырым шалғайда орналасқан «Көгез» этноауылына жол тартсаңыз болады. Орынға алдын ала бронь қойып қойсаңыз, радиалды бағдар құрып, еш уайымсыз Үстірттің кереметтерін аралап, қызықтай аласыз.