yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Тау / жартас

Боқты тауы

Төңкерілген тас кеме іспеттес Боқты тауы – Маңғыстаудағы ең көрікті табиғи орындардың бірі де бірегейі.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Манғыстау облысы

Боқты тауы

Төңкерілген тас кеме іспеттес Боқты тауы – Маңғыстаудағы ең көрікті табиғи орындардың бірі де бірегейі.

Боқты тауының тылсым көріністері саяхаттап келген мейманын беймәлім әлемге еліктіріп әкетеді. Биіктігі 165 метрді құрайтын жұрнақ таудың өлшеп қашалғандай қалыпта түзілген әр қыры Табиғаттың шебер мүсінші екенін аңғартатын болса, қабаттаса үйлескен бояулары оның суретшілігін танытады. Боқтыға апарар жол Маңғыстау облысындағы Сенек құмы, Бозжыра шатқалы, Бекет ата және Шопан ата жерасты мешіттері сияқты табиғи жауһарлардың маңымен өтетіндіктен, сапарыңыздың өте әсерлі өтері күмәнсіз. Оның үстіне ұмытылмас естеліктеріңізді осы өңірден олжалап қайтар қайталанбас фотосуреттеріңіз бен бейнебаяндарыңыз еселей түседі. Мұны да азсынсаңыз тауды айнала қоршаған ақ тақырмен жүйткіп көріңіз. Күн райы шуақты болса, тегіс алқаппен әп-сәтте таудың етегіне жетіп аласыз.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Боқтыға жергілікті гидті жолсерік етіп, жол талғамайтын көлікпен өз бетіңізбен жетуіңізге болады немесе туристік агенттік қызметіне жүгініп, топ құрамында сапарлай аласыз.

Тау Ақтау қаласынан шамамен 250 шақырым қашықта орналасқан. Бастапқыда Жаңаөзен қаласына бағыт аласыз (Ақтау мен Жаңаөзен арақашықтығы 152 шақырымға тең). Ары қарай тағы 20 шақырым жүріп, Қызылсай ауылына жетуіңіз керек. Мұндағы жолайырықта оң жаққа, Сенек ауылына қарай бұрыласыз да тағы 20 шақырым жүресіз. Егер Сенек құмын тамашаламақ ойыңыз болса, жолыңыз ауылдың өзіне дейін созылады. Биіктігі 25-30 метрге жететін құм шағылдарды ауылға кіреберіс жерден табасыз. Құмнан асқаннан кейін елді мекенді кесіп өтіп, ескі қазба жолға шығуыңыз қажет. Келесі жетер нүктеңіз ескі зираты бар Бесоқты жері (25 шақырымда орналасқан, google картада белгіленген). Бесоқтыдан тақырмен солтүстік-шығыс бағытта қозғаласыз. Тағы 15 шақырымды еңсерсеңіз болғаны, Боқтының бөктеріне келесіз. Боқтыдан ары қарай Бозжыра жаққа аттансаңыз болады. Екеуінің арасы түзу жолмен 20 шақырым.

Орналасу және тамақтану

Бар ас-су, керек-жарақты Ақтау не Жаңаөзен қалаларында түгелдеп алған жөн. Саяхат барысында өз-өзіңізді баспана болар шатырдан бастап суға дейін, барлық қажеттімен толық қамтамасыз етуге дайын болыңыз!