yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Орман

Аманқарағай орманы

Қостанай облысындағы Аманқарағай орманында Жер бетіндегі ең ежелгі жануарлардың бірі – бұғы мекендейді

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Қостанай облысы

Аманқарағай орманы

Қостанай облысындағы Аманқарағай орманында Жер бетіндегі ең ежелгі жануарлардың бірі – бұғы мекендейді

Аманқарағай орманы Қостанай жазығының оңтүстік бөлігіндегі ұзындығы 45 шақырымды, ені 14,5 шақырымды құрайтын аймақты алып жатыр. Осынау қарағай, қайың, көктерекпен көмкерілген 60 мың гектар –Қостанай облысының негізгі орман алқабы болып табылады.

Мұндағы Қарағаш шатқалында облыстық маңызы бар табиғи ескерткіш орналасқан. Аталған табиғи нысан ауданы 5 гектарға тең.

Жылдың жылы маусымдарында жақын жатқан елді мекендердің тұрғындары орманға келіп, саңырауқұлақ пен жидек терумен айналысады. Дәл осы мақсатпен пойызға мініп, Қостанайдың өзінен келетін әуесқойлар да аз емес.

Демалысын табиғат аясында өткізуге ұмтылған туристер Аманқарағай орманынан жандары қалаған тыныштық пен үндестікті табады. Айналаның сипаты сырлы көріністеріне куә болған камерасы бар келушілер де қайталанбас фотосуреттерді олжалап қайтары анық.

Елестетіп көріңізші: желмен көшкен құмның үстінде жайқалған ну орман! Бірде толқынды, бірде төбелі болып келетін мұндағы құм геологияда «эолдық құм» атауымен белгілі. Бұл құм – желмен келген жыныстардан құралған континенталды геологиялық шөгіндінің бір түрі. Шағылдар арасындағы қазаншұңқырлардағы батпақты жерлерде қайың және көктерек-қайың шоқ ормандарын кездестіруге болады. Түрлі шөптер мен бетеге өскен дала төрінде орын тапқан орманға жетер жерде кішігірім айдындар: тұзды және тұщы сулы көлдер өте көп.

Сар далада Аманқарағай тәрізді орманды «аралдың» болуы – ерекше табиғи құбылыс. Аманқарағай орманында серуендеп жүріп, осы маңда ғана кездесетін реликті өсімдіктерді, алуан түрлі әсем көбелектерді, бастысы – бекзат бұғыларды көре аласыз. Бұғымен жолықсаңыз, ежелгі жануарға жол беріп, барынша байқап жүргеніңіз жөн.

Орнитологтар мен бердвотчерлер де Аманқарағайдан іздегенін табады. Орманда әрқилы бедерлер үйлесіп жатқандықтан Аманқарағай 158 құс түріне ұя болып келеді. Бұл қатарда әдеттегі орман құстарынан басқа, жыртқыш құстар да бар.

Қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Аманқарағай орманы Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орналасқан. Ең жақын елді мекен – Аманқарағай, одан үлкенірек ауыл және аудан орталығы – Әулиекөл. Екеуінің арақашықтығы 4 шақырым. Аудан орталығы арқылы Амангелді және Торғай елді мекендеріне қарай такси қатынайтын Нұл-Сұлтан–Қостанай автомагистралі өтеді. Бұл – Қостанайдан Аманқарағайға жылдам жетудің бірден бір жолы (100 шақырым).

Қажет десеңіз, бұл маңда теміржол бекеті де бар. Сәйкесінше, Аманқарағай орманына бағдарлы автобуспен, таксимен немесе пойызбен жете аласыз.

Орналасу және тамақтану

Аманқарағай елді мекенінде бірнеше шағын дүкен бар. Қызмет көрсету аясы сонымен шектеледі. Әулиекөл аудан орталығы болғандықтан, үлкенірек дүкендерді де, тамақтанар кафені де, орналасар қонақүйді де осы жақтан табасыз. Жайлылық деңгейі бұдан да жоғары болуын қаласаңыз, Қостанайға оралуыңызға тура келеді.