yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Аңғар / Шатқал

Қора шатқалы

Туристер арасындағы асқан танымалдылығына қарамастан, Қора шатқалы өзінің бастапқы қалпын, қайталанбас көркемділігін сақтап қалған бірегей орын.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

3 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Қора шатқалы

Туристер арасындағы асқан танымалдылығына қарамастан, Қора шатқалы өзінің бастапқы қалпын, қайталанбас көркемділігін сақтап қалған бірегей орын.

Қора шатқалы - қазіргі таңда Жетісу Алатауындаға ең танымал шатқал болып саналады. Шатқал басым түрде еңдік бағытта жайылып, 70 шақырымға созылып жатыр. Безсонов мұздығының қалыптасу орнынан биік жатқан, 3919 метрлік шың - шатқал биіктігінің шарықтау шегі болып табылады. Қора шатқалы бірқалыпты тереңдікте жатыр. Төменгі ағыста оның тереңдігі 700-800 метрге жетеді. Өзен аңғар түбін толықтай дерлік алып жатқандықтан, шатқал айтарлықтай тар. Орта ағыста өзен кеңейіп, тереңдігі 1000 метрге жетеді. Шатқалдың биіктаулы бөлігінде тереңдік 1200 метрді құрайды.

Қапал асуынан түсер еңістен 3 шақырым биікте "Жылаған жартас" немесе "Жас дуалы" аталатын ерекше сарқырама орналасқан. Мұндағы су не жартастарға жайылған жұқа жамылғы сияқты ағады, не төменге ірі-ірі тамшылар тәрізденіп құлайды. Шатқалдың жоғарғы жағына қарай, Бұрқан бұлақтың оң жақ саласында Қазақстандағы ең биік сарқырама - Бұрқан бұлаққа тап боласыз. Жартас бөктеріндегі әсем шалғындарда, сарқырамадан төменірек тұста Қазақстандағы жеке-дара жатқан ең үлкен тас орын тапқан. Кезінде жартастардан құлап түскен тас "Киелі" аталып кеткен. Оның көлемі 15х20  метр, биіктігі 7 метрге тең. Қора және Тентекбұлақ өзендерінің тоғысында табиғаттың тағы бір көркем сыйы жасырылған. Ол - гүлденген көгалдармен көмкерілген Күміс тұяқ көлі.

Шатқалда өсімдіктер мен жануарлар әлемінің көзтартар түрлілігіне куә боласыз. Өсімдіктердің 3000-ға жуық түрі, оның ішінде еңлікгүлдер өседі. Оған қоса әйгілі Сиверс алма ағашы да осы жерде жеміс береді. Мұнда Жетісу Алатауының эндемик жануары - Жетісу бақатістілері мекендейді. Ірбіс, қасқыр, түлкі, ақкіс, аю сияқты аңдар да келушілердің көзіне ұшырасып тұрады.

Бүгінде туристер арасындағы асқан танымалдылығына қарамастан, Қора шатқалы өзінің бастапқы қалпын, қайталанбас көркемділігін сақтап қалған бірегей орын.