Сарқырама
Аюлы сарқырамасы
Аюлы сарқырамасы - оңтүстік астанамызға келген саяхатшылардың экскурсиялық бағдарынан қашан да басты орын алатын танымал туристік орын.
Аюлы сарқырамасы
Аюлы сарқырамасы - оңтүстік астанамызға келген саяхатшылардың экскурсиялық бағдарынан қашан да басты орын алатын танымал туристік орын.
Аюлы сарқырамасы - кез келген туристік бағдардың сәнін келтірер туристік нысан. Оған апарар жол қарапайым әрі қысқа. Бағытыңыздың барысында жақсы жабдықталған соқпақ, көптеген көпірлер мен сарқырамаға шығар жолдағы жартастарға салынған ағаш сатылар арқылы өтетін боласыз. Сарқыраманың өзі Қараш жотасының бөктеріндегі жартастың терең қуысында орналасқан. Мұндағы Жамбас асуынан Аюлы бұлағы ағып жатыр. Биіктігі 29 метрге жететін сарқыраманың атауы да тектен-тек "Аюлы" емес. Дәл осы маңайда бір топ аю мекен етеді екен.
Бұл - саяхат үшін ең қолжетімді де жайлы сарқырама болғандықтан, осында демаламын деуші туристер саны жыл сайын артпаса, кемімейтіні анық.