Үстірт
Табан-Қарағай үстірті
Жіңішке және Шілік өзендерінің аңғарларын қақ жарып жатқан биіктаулы үстірт.
Табан-Қарағай үстірті
Жіңішке және Шілік өзендерінің аңғарларын қақ жарып жатқан биіктаулы үстірт.
Табан-Қарағай - ені 6 шақырым, ұзындығы 35 шақырымды алып жатқан үстірт. Ол оңтүстігіндегі Шілік және солтүстігіндегі Жіңішке өзендерінің аңғарларын бөліп жатыр. Көгіне қол созым жердегідей елестейтін бұлттар жиылған үстірттен мың түспен құлпырған гүлдерді, табын-табын сиыр мен отар-отар қой, және де болмысынан бекзаттық байқалар үйір-үйір жылқыларды тамашалай аласыз.
Одан бөлек, үстірттің әр тұсында қылтиып жатқан түрлі қалыптағы мыңдаған тастары көріп, еріксіз тас қалашықта жүргендей әсер аласыз.