Аңғар / Шатқал
Жіңішке шатқалы
Жіңішке шатқалы - бастапқы қалпындағы тылсым сұлулығын сақтап қалған ерекше орын.
Жіңішке шатқалы
Жіңішке шатқалы - бастапқы қалпындағы тылсым сұлулығын сақтап қалған ерекше орын.
Жіңішке өзені 3650 метр биіктіктегі Сарытау жотасының шыңынан бастау алады. Өзен шатқалы адам аяғы баспаған асқан әсемдік пен тыныштықтың мекені. Табиғаттың осынау артық көзден жасырылған көркем бұрышы қора-қора малдың машақатымен жүрген бақташыларға ғана жақсы таныс. Дәл осында табиғаттың өзі мүсіндеп берген "Үш тақуа" ескерткіші бар. Мыңдаған жылдар ішінде қуатты өзен арнасы 50-метрлік шатқалға айналды. Толассыз желдің арқасында кей тұста, бұл жерден Шарын шатқалына тән көріністерді де кездестіруге болады. Өзен жағасында шырғанақ, итмұрын, терек жарыса өседі.
Мұнда атты және жаяу серуендерге жақсы келетін орындар өте көп. Өзенде көкбас, бақтақ сияқты балықтар тіршілік етеді.
Жергілікті халықтың басым бөлігі мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналысады.