Шіркеу
Вознесенск кафедралы соборы
Қазақстандағы православ дінінің басты ескерткіштерінің бірі
Вознесенск кафедралы соборы
Қазақстандағы православ дінінің басты ескерткіштерінің бірі
Алматыдағы
Вознесенск кафедралды соборы – Қазақстандағы православие дінінің басты ескерткіштерінің бірі, Зенков соборы деп те аталады.
Ғибадатхана 28 гвардиялық-панфиловшылар
саябағы аумағында орналасқан. Вознесенск соборы алғаш рет 1907 жылы ашылды, содан бері әр заманда жергілікті епархияны таң қалдырған
көптеген оқиғаларды бастан кешті. Алдымен жер сілкіністері, кейін кеңестік
билік кезеңіндегі жаппай ғибадатханаларды жабу кезеңін бастан өткізді. Бірақ
мұның бәрі өткен іс, қазір Вознесенск
кафедралы шіркеуі көпұлтты Қазақстан мәдениеті үшін үлкен мәнге ие. Ағаш
ғимараттың бірегейлігі көне құрылыс технологиясына сәйкес, көбінесе шеге
қолданбай салынғанына негізделеді. Ғибадатхананың ішкі көрінісі сәнді де,
ұстамды. Мұнда сіз уақыт тынысын анық сезесіз. Әсіресе қабырғалар мен
иконостазды безендірген икона суретшісі Н.Г. Хлудовтың жұмысы ерекше тартымды.
Зенков кафедралды соборы мыңдаған православты христиандарының өмірінде маңызды рөл атқарады,
сондай-ақ Алматының баға жетпес сәулет және тарих жәдігері болып саналады. Ғибадатхана өзінің әдемілігімен
таңқалдырады, онымен қоса діни сеніміне
қарамастан, әрбір жанға ішкі үйлесім мен тыныштық сезімін сыйлайды.