yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Мешіт

Алматы қалалық орталық мешіті

Іле Алатауымен табысқан Алматы орталық мешіті тау аясында ерекше үйлесімді қалалық көріністің қалыптасуына себепкер болып тұр.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы

Алматы қалалық орталық мешіті

Іле Алатауымен табысқан Алматы орталық мешіті тау аясында ерекше үйлесімді қалалық көріністің қалыптасуына себепкер болып тұр.

Алматы орталық мешіті – бір мезетте 7000 адамның құлшылық етуіне мүмкіндік беретін, еліміздегі ең үлкен мұсылман ордаларының бірі. Мешіттің сыртқы көріністері әр келушінің көзін қуантып, жанына тыныштық сыйлайтын, табиғат аясындағы жарық та жайлы орын екенін айқындайды. Аппақ ғимаратта сәулет өнерінің ұлылығы мен салмақты шығыс боямасы үйлесім тапқан. Мұнда әйелдер мен ерлер залы, Құран оқу және неке қию бөлмелері, сондай-ақ  қабырғалары қасиетті сүрелермен әрленген ислами дәрістер өтетін оқу бөлмелері бар. Мұсылман ордасына баруды ниет еткендер,  мешітке кірерде аяқ киімді шешіп, жабық киім киіп, тыныштық сақтау сияқты маңызды әдеп-ережелерді естен шығармауы  қажет.

Алматы қалалық орталық мешіті – мұсылман сәулет өнерінің бірегей үлгісі, терең ойға шомып, жан тынышталатын және дұға жасайтын, ешқандай зұлымдық пен уайымға орын табылмайтын киелі орын.