Мешіт
Алматы қалалық орталық мешіті
Іле Алатауымен табысқан Алматы орталық мешіті тау аясында ерекше үйлесімді қалалық көріністің қалыптасуына себепкер болып тұр.
Алматы қалалық орталық мешіті
Іле Алатауымен табысқан Алматы орталық мешіті тау аясында ерекше үйлесімді қалалық көріністің қалыптасуына себепкер болып тұр.
Алматы орталық
мешіті – бір мезетте 7000 адамның құлшылық етуіне мүмкіндік беретін, еліміздегі
ең үлкен мұсылман ордаларының бірі. Мешіттің сыртқы көріністері әр келушінің
көзін қуантып, жанына тыныштық сыйлайтын, табиғат аясындағы жарық та жайлы орын
екенін айқындайды. Аппақ ғимаратта сәулет өнерінің ұлылығы мен салмақты шығыс
боямасы үйлесім тапқан. Мұнда әйелдер мен ерлер залы, Құран оқу және неке қию
бөлмелері, сондай-ақ қабырғалары
қасиетті сүрелермен әрленген ислами дәрістер өтетін оқу бөлмелері бар. Мұсылман
ордасына баруды ниет еткендер, мешітке кірерде
аяқ киімді шешіп, жабық киім киіп, тыныштық сақтау сияқты маңызды
әдеп-ережелерді естен шығармауы қажет.
Алматы қалалық
орталық мешіті – мұсылман сәулет өнерінің бірегей үлгісі, терең ойға шомып, жан
тынышталатын және дұға жасайтын, ешқандай зұлымдық пен уайымға орын табылмайтын
киелі орын.