Мұражай / Этно-мемориалды кешен
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы
Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы
Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы
Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы
Ықылас Дүкенұлы халық сазгері, дәстүрлі қобыз мектебінің негізін қалаушысы. Ұлы күйшінің аты берілген мұражай ғимаратының қайталанбас көрінісінің өзі асқан қызығушылық тудырады. Экспозициялық көрме қазақ музыкалық аспаптарының 40-қа жуық түрін қамтиды. Басым көпшілігі домбыра, қобыз, сылдырмақ, сырнай. Оған қоса орыс, дүнген, ұйғыр халықтарының музыкалық жәдігерлері де қойылған. Білікті экскурсоводтар келушілермен музыка өнері жайлы тың мәліметтермен бөлісіп, өткен дәуір музыканттарының өнері және өмірімен таныстырады. Осындай танымды да әсерлі экскурсиялар керемет концерттерге ұласуы әбден мүмкін. Бұл концерттер толықтай мұражай экспонаттарын қолдану арқылы іске асады.
Музыка - құлазыған көңіл күйді жақсартып, сағымыз сынса демеу бере алатын, замануи өміріміздің айнымас бөлігі. Осынау әуезді ұлттық мұрамен таныстық Ықылас Дүкенұлы атындағы мұражайда өтіп, оңтүстік астана жайлы олжалаған жарқын естеліктер қоржынын толтырары анық.