yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Театр

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Қазақстандағы көшбасшы театрлардың бірі.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

3 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

700 тг-ден бастан

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Қазақстандағы көшбасшы театрлардың бірі.

Театр қазақтың ұлы мәдениет қайраткері – Абай Құнанбайұлының есімімен аталған.

Театр құрылуының алғышарты 1934 жылы арнайы музыка студиясының әртістері «Айман-Шолпан» комедиясының көпшілікке арналған қойылымын ойнаған мезеттен бастап қалыптасты. Көп күттірмей, 1941 жылы театрдың салтанатты ашылуы болды. Көптеген  жарқыраған жаңа ғимараттар бой көтерсе де, бұл зәулім құрылыс қазірдің өзінде назарсыз қалмақ емес, ал қазақы нақышта орындалған бай ішкі безендіру мен әрлеу қашанда келуші қауымның көзін қуантады.

Театрдың жұмысы заман талабына ілесіп келеді. Өнер ордасының киелі сахнасында әрдайым жүздеген көрерменнің жүрегінен орын табатын, өзекті де жанды қойылымдар қойылады. МАОБТ Азия, Еуропа және Америкада тұрақты түрде гастрольдер өткізіп, қазақ өнеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін әлемдік дәрежеде насихаттап жүр .

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры – театр өнерінің танылған шеберлерінің кәсібилігі мен жоғары талғамды классикалық репертуардың кереметіне куә болып, рухани байлыққа кенелер мәдени орын.