Театр
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры
Елордамыздың бас мәдени ордасы
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры
Елордамыздың бас мәдени ордасы
Қазақстан астанасының мәдени тұмарына айналып үлгерген қайталанбас сәулет туындысы - "Астана Опера" театры. Аса қысқа мерзім - 3 жыл ішінде бой көтерген сәні мен салтанаты жарасқан ғимарат қазақы дәстүрлер мен грек-рим кескіндерінің үйлесімін бейнелейді. 2013 жылы халық игілігіне берілген театр, бүгінде еліміздің айтулы өнер ордасы.
"Астана Операда" 2 үлкен көрермен залы және сонша бүйірлі бөлім бар. Озық технологиялардың жемісі болған акустика әр келушіге мінсіз дыбыстың жетуін қамтамассыз етеді. Осынау зәулім сарайдың басты көркі - отандық театр өнерінің қайраткерлері мен Денис Мацуев, Пласидо Доминго, Светлана Захарова, Хосе Каррерас сияқты әлем жұлдыздары. Театрда өнер көрсету мәртебесіне ие өнер иелері де сахнаға шықпастан бұрын күрделі сынақтан өтіп, қызметке үздіктердің үздігі сайланған.
"Астана Опера" театрынында әр келуші ішкі және сыртқы көркемдіктен ләззат алып, рухани байып қайтары сөзсіз.