Есіл өзенінің жағалауы - елордалық жұрттың ең сүйікті демалыс орны десек артық айтпаймыз. Есілдің ерке толқындарына сүйсініп, қаланың мың құбыла жарқыраған көріністеріне тамсанып, музыкалық аспаптарын серік еткен қала дарындарының әсем әуен, сазды әндерімен құлақ құрышын қандырып, суретшілердің көркем туындыларын тамашалап, керемет серуен құратындарыңыз айдан анық. Жаздың күні катермен шолу экскурсиясына шығып, балдырғандарды түрлі аттракциондарға апарып қуантып жатсаңыз, қыста коньки мен шананы іліп алып, мұз айдынында ұмытылмастай көңіл көтеруге болады.
Бұл жағалауда мәңгілік қарсылықтағыдай көрінетін жанға сая болар тыныштық пен думанды тіршілік жарасымдылық тапқан. Жалғыз, отбасыңызбен немесе достарыңызбен серуенге шықсаңыз да, мұнда өткізген уақыт сізге бақыт сыйлайтынына күмәніңіз болмасын. Түн жамылғандағы көріністің әсерлілігін айтып жеткізудің өзі қиын: елорданың бар жарқылы Есілдің айнасынан пана тапқандай көрінеді.