yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Шіркеу

Әулие Николай кафедралы соборы

Әулие Николай соборы миссионерлік қызметті жүзеге асырып, белсенді түрде қайырымдылықпен айналысады.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Ақтөбе

Әулие Николай кафедралы соборы

Әулие Николай соборы миссионерлік қызметті жүзеге асырып, белсенді түрде қайырымдылықпен айналысады.

Әулие Николай кафедралы соборы Ақтөбе облысының бас православ шіркеуі болып табылады және Ақтөбе- Орал бірлескен епархиясының құрамына кіреді. 2006 жылы болашақ дін ордасының алғашқы кірпіші қаланып, 2008 жылы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің қатысуымен шіркеудің ашылу салтанаты өткізілді. Құрылыс қала және облыс тұрғындарының күш жұмылдыруымен іске асты және оның атауы қазақстандық метрополит Николай Могилевскийдің есімімен байланыстырылған. Сәулет ұшқырлығы мен рухани қарапайымдылық ұштасқан шіркеу бейнесін алтын түстес күмбездер керемет толықтырып тұр.  Бүгінде шіркеу миссионерлік қызмет пен қайырымдылық жұмыстарын қатар жүргізіп келеді. Көз бен жанға бірдей жағымды әсер ететін шіркеу әр келген қонағын православ мәдениетіне тән қонақжайлылықпен құшақ жая қарсы алады.