yandex alt

menu

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Логотип Kazakh  tourism

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Орман

Шалдай орманы

Шалдай орманы – келген жанды қиял-ғажайып ертегі әлеміне ертетін керемет орын

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Павлодар облысы

Шалдай орманы

Шалдай орманы – келген жанды қиял-ғажайып ертегі әлеміне ертетін керемет орын

 Холливуд фильмдерінде жиі бой көрсететін ну ормандарды тамашалап отырып, экранның ар жағында болсақ та, тылсым әлемге қадам басқандай сезімге бөленетініміз рас. Өзіңізді фильмнің көрермені емес кейіпкері орнына қойып көргіңіз келеді ме? Ондай болса, Шалдай орманына жол тарсаңыз болады.

Шалдай орманы – Павлодар облысындағы 150 гектар жерге жайғасқан қалың орман. Саф ауа, биік-биік ағаштар және тым-тырыс  айнала. Мұның барлығы келген кісіге ертегі әлемінің жердегі жұрнағындай сезіледі.

Көркем табиғатынын бөлек, Шалдайдың ерекше тұрғындары да туристерге қызық екенін атап өтпеске болмайды. Сүйкімді телеутка тиіндердің орман төріндегі тіршілігі нудың кереметіне келісіп-ақ тұр. Шалдайға бір келген соң, бұл әсем орманға қайтып оралмасқа болмайтынын түсінесің.