Ұлттық саябақ / табиғи қорық
«Қызылтау» мемлекеттік табиғи саябағы
Табиғаты көзтартар Қызылтау жойылып кетуге жақын көптеген өсімдіктер мен жануарлардың мекеніне айналған
«Қызылтау» мемлекеттік табиғи саябағы
Табиғаты көзтартар Қызылтау жойылып кетуге жақын көптеген өсімдіктер мен жануарлардың мекеніне айналған
«Қызылтау» мемлекеттік табиғи саябағы Баянауыл ауданындағы 60 мың гектар аумақты алып жатыр. Жалпы Қызылтау тауы – Баянауыл маңындағы ең биік нүкте болып саналады. Табиғаты көзтартар Қызылтау жойылып кетуге жақын көптеген өсімдіктер мен жануарлардың мекеніне айналған. Атап айтсақ, түлкілер, қасқырлар, борсықтар, арқарлар, бүркіттер, сұр шілдер көптеп кездеседі. Қорықтың жер бедерін жартасты адырлар құрайды. Мұнда қайың мен көктерек ормандарын тамашалауға болады, сонымен қатар тау беткейлерінде қылқан жапырақты арша көзге түседі. Тұмса табиғатпен бетпе-бет кездесуге асық кез келген саяхатшы Қызылтау өңірінен ерекше әсерленіп қайтары анық.