Белсенді туризм – тау шыңдарын тынымсыз зерттеушілер, долы толқындарды сүйер жандар және белсенді өмір салтын ұстанушылар үшін таптырмайтын демалыс. Ол белсенділікті қажет ететін барлық демалыс түрін, яғни атпен және жаяу серуендеу (хайкинг, трекинг), каньондар мен үңгірлерді зерттеу, дайвинг, джип тур, багги тур және басқаларын қамтиды, және әдетте жаңалық ашумен, қиындықты жеңумен қатар жүреді.
Британдық бэкпекерер қоғамының (British Backpacker Society) нұсқасы бойынша Қазақстан 2019 жылы белсенді туризмге ең қолайлы елдер тізімінде 5-орынға ие болды. Еліміздің табиғаты бай байтақ жерін, белсенді демалысқа деген әлеуетін ескерсек, бұған таңғалудың қажеті жоқ. Әрине, белсенді саяхатшылардың сүйікті орындарының саны жағынан асқар таулар, көптеген ұлттық парктер, сарқырамалар мен шатқалдарға бай Алматы облысы көш бастап тұр, алайда, табиғи ландшафттары тіпті ең талғампаз туристерді таңғалдыратын Маңғыстау облысы оған бәсеке бола алары сөзсіз.
Туризм түрлері
Белсенді туризм
Альпинизм, тау шаңғысымен сырғанау, атпен және жаяу серуендеу, шатқалдарға аттану және т.б.