menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Шынайы қызығушылық танытып, сенетін, таза ниетті жандар үшін Қазақстанның қасиетті мекендерінің есігі әрдайым ашық.

Діни түризмнің сапарларларды ұйымдастырумен байланысты дәстүрлі екі бағыты бар: зиярат туризмі – сенушілердің қасиетті орындарға табыну рәсімін жасау мақсатында, ал экскурсиялық-танымдық тармағы өңірдің мәдени және рухани әлемімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылады.
Қазақстанның кең аумағында орналасқан мыңдаған киелі орындардың көбі мұсылмандар үшін де, басқа дін өкілдері үшін де қасиетті саналады. Дегенмен, тарихи ескерткіштердің басым көпшілігі қазақ халқына ата-бабаларынан қалған діни сенімі Исламмен байланысты. Сол себептен, мешіттер мен кесенелерде дұға оқуға, мазарларда рухтарға ғибадат етуге Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен зиярат етушілер келеді. Қазақстанда зиярат етудің басты орталығы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. Сондай-ақ, елімізде бірегей иконалар, ерекше естелік элементтер сақталған аса әдемі православиелік және католик шіркеулері орналасқан. Қазақ жерінде кезінде Будда храмдарының да болғанын ескере кеткен жөн, олардың бірінің ізі Орталық Қазақстан өңірінде табылған.
Қазақстан Республикасының саясаты толеранттылық пен дінге еріктілік сипатында, сондықтан мұнда кез келген дін өкілдеріне діни турларға аттануға болады - шынайы қызығушылық танытқан түзу ниетті әр адамға қасиетті жерлердің есігі әрдайым ашық.