Іскерлік туризм саласы түрлі елдің өкілдері келіп қатысатын кездесулер, конференциялар мен көрмелер, сонымен қатар іссапарларды ұйымдастыруды қамтиды. Мұндай іскерлік саяхат барысында әдетте маңызды құжаттарға қол қойылады, ұйымдар түрлі келісім-шарттар жасасады. Іскерлік шаралар ғажайып жағажай, әдемі қалалық панорамалар немесе танымал көрікті жерлер маңында өткізілген жағдайда саяхатшылардың іскерлік сапарын бос уақытында демалумен, түрлі жерлерде қыдырумен біріктіруге мүмкіндігі болады (“bleisure”).
Қазақстан іскерлік және MICE туризмінің дамуы бойынша өңірде көш бастап келеді. Бұл бағыттағы еліміздің басты қаласы Астана, ірі форумдар мен іскерлік келіссөздерді өткізуге арналған ең үлкен әрі көпшілікке танымал халықаралық орталықтардың біріне айналды. Айта кету керек, Қазақстанда туризмнің осы түріне қажетті инфрақұрылымның барлығы бар. Сондықтан да, тек астанамыз ғана емес, басқа ірі қалалар да ресми-іссапарлар, тимбилдинг, корпоративтік тренингтер өткізетін орындар ретінде танылып келеді.
Туризм түрлері
Іскерлік туризм
Қаланың керемет көріністері аясында өткізілетін ресми кездесулерден тұратын кешен.