Ауылдық туризм немесе «агротуризм» қала тұрғынының әдеттегіден тыс, ауылды жердің ерекше ортасымен танысуына бағытталған. Туризмнің мұндай түрі күнделікті бірқалыпты жұмыстан демалып, ауыл өмірімен танысуға, таза ауада тынығуға және үлкен қала тұрғынына жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. «Өркениеттен» алыс аймақтардағы күнделікті өмірдің ерекшелігі – дене және психикалық денсаулықты нығайтып, күш-жігер беріп, ұзақ жылдарға көтеріңкі көңіл күй мен жылы естелік сыйлайды.
Ауылдардағы, әсірсе бірегей табиғи туристік орындардың маңында орналасқан жерлердегі туристерді қабылдайтын үйлер жыл он екі ай жұмыс істейді. Олар тек үй-жай беріп қана қоймай, ұлттық тағамдар ұсынылған дәмді дастарханмен, қазақи қонақжайлылықпен қонақтарын қуантады.
Еліміздегі түрлі этноауылдар да агротуризмнің бір бөлігі деуге болады, себебі олардың мақсаты – қазақ даласының тұрмысы мен салт-дәстүрімен таныстыру.
Туризм түрлері
Ауылдық туризм, агротуризм
Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігінен тысқары шығып, ауыл шаруашылығының жайлы ортасымен танысуы