menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Сауықтыру туризмі

Қазақстан аумағында сан түрлі демалыс базалары, жоғары сапалы халықаралық курорттар мен шипажайлар жұмыс жасайды.

Егер де еліміздегі ең танымал туристік бағыт жайында сөз қозғасақ, оның курорттық-сауықтыру туризмі екеніне ешбір күмән болмас. Қазақстан курорттары қызметтердің кең ауқымын ұсына отырып, сапалы сауықтыру мен түрлі аурулардың алдын алуға бағытталған демалыс сыйлай алады. Сондай-ақ курорттық қонақ үйлер мен шипажайларда бос уақытты көңілді әрі пайдалы өткізу үшін, түрлі ойын-сауық қызметтері қарастырылған.
Қазақстан аумағында әр клиентпен тіл табысатын өз ісінің мамандары жұмыс істейтін алуан түрлі демалыс базалары, жоғары сапалы спа және шипажайлар, тіпті пантымен емдейтін демалыс орындары әрекет етеді. Сауықтыру кешендері жұмыс барысында қонақтарының барлық тілектерін ескереді, осының арқасында жыл сайын қызметтерінің сапасын арттырып, одан да жоғары деңгейге көтерілуде.
Оған қоса, шипажайлар мен курорттық қонақ үйлер әдетте керемет табиғат аясында, өте сәтті жерде орналасады: айналасын көрікті ормандар, таулар қоршап, маңында мөп-мөлдір көлдер мен өзендер, ал жер астынан емдік бұлақтар ағып жатады. Сауықтыру нысандарының көбінің негізгі табиғи емдік компоненттері – емдік саздар, пайдалы минералды сулар, шөптерден жасалған қайнатпалар мен тұнбалар, маралдардың мүйізі және тағы басқалары. Туризмнің бұл түрі Қазақстанда бұрынан бері жоғары деңгейде, сол себептен мұнда келгенде қызмет көрсетудің сапасы мен нәтижесіне риза болатыныңызға сенімдіміз!