menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Мәдени-танымдық туризм

Қазақстан – тарихи және мәдени мұраға бай ел.

Еуразия орталығында орналасқан Қазақстан ежелден бері әлемдегі көне өркениеттердің тоғысында, тоғыз жолдың торабында, Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық байланыстар орын алған жерінде жайғасты. Ерте заманда Қазақстан аумағымен Ұлы Жібек жолы өтті; тарихтың түрлі кезеңдерінде өзіндік мәдениеті бар мемлекеттер пайда болып, дамыған. Қазіргі күні Ұлы Жібек жолы –еліміздегі мәдени-танымдық туризмнің дамуының басым бағыттарының бірі. Көне дәуірден мирас ретінде сондай-ақ көптеген тарих және мәдениет ескерткіштері қалды. Сәулетті кесенелері бар көне қалалар, жерасты мешіттері, түрлі мұражайлар, театр мен галереялар – осының барлығы еліміздің мәдениетін жаңа қырынан ашуға мүмкіндік беретін мәдени-танымдық орындар.