menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Балалар мен жасөспірімдер туризмі

Балалар мен жасөспірімдерге арналған танымды экскурсиялар, бірлескен сапарлар мен қызықты тақырыптық экспедициялар.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі өсіп келе жатқан ұрпақтың ой-өрісін кеңейтуге және саяхат арқылы қоршаған дүниені тануға деген қызығушылықты оятуға бағытталған. Бұл – олардың табиғатқа, тарихи құндылықтарға және мәдениетке ықыласпен қарауына септігін тигізеді.
Бүгінгі күні Қазақстанда балалар және жасөспірімдер туризмінің 26 ұйымы бар, олардың арасында Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының бірлестіктері ерекшеленеді. Бұл саланың дамуына және қолдауға оқушылардың қосатын үлесін де ескеру қажет: олар кіші бауырларына үлгі көрсетіп, шетелдік қонақтардың назарларын аудара отырып, өздері тақырыптық клубтар ашады, қызықты жерлерге түрлі сапарлар ұйымдастырады. Сонымен бірге, Қазақстан аумағында әртүрлі қалалардан және тіпті елдерден келген балалар белсенді түрде спортпен шұғылданатын, тынығатын, бір-бірімен араласатын, сауықтыру емдік шараларын қабылдайтын көптеген лагерьлер бар.