Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Айдыны асыл, суы сансыз дертке шипа – Алакөл. Аты әлемге мәшһүр Абайдың кіндік қаны тамған – Жидебай. Бұғы бағып, мүйізін емге жаратқан – Катон-Қарағай. Сайып келгенде мұның бәрі – Өр Алтайдың төсінде орын тапқан Шығыс Қазақстан
Time left

Time

GMT +6

Center

Өскемен

centre of province

Spots

7

tourist attractions

Time left

Weather

+17°C

Шығыс Қазақстан облысы

Облыс орталығы – Өскемен қаласы, оны көлік және сауда жолдарының торабында сәтті орналасуына байланысты «Таулы Алтайдың қақпасы» деп те атайды. Шығыс Қазақстан облысына сапарға аттансаңыз, бұл ғажайып қаланы да жоспардан тыс қалдырмаңыз.

Қай жерлерде саяхаттауға болады?

Әсем табиғат аясында, сауықтыру кешендерінде денсаулықты жақсартып, немесе тау-шаңғы курорттарында белсенді демалысты келесі жерлерде өткізуге болады:

  • Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары аумағында орналасқан Алакөл. Қара түсті жағажайы мен емдік суларының арқасында Алакөл – отбасылық демалысқа арналған тамаша локация.
  • Табиғат сұлулығынан басқа тарихи және мәдени объектлерге бай, шипажайлары мен пантымен емдеу орындары бар Катонқарағай ұлттық саябағы.
  • Өскемен және Риддер қалаларының маңында орналасқан тау-шаңғы курорттары. Олардың ішіндегі ең танымалдары – «Алтай Альпісі» мен «Нұртау».

Шығыс Қазақстанның келесі таңғажайып сұлу орындары да туристерді күтуде:

  • Қиын-Керіш шатқалы. Бұл жерді «Әруақтар қаласы» деп те атайды, өйткені лаулаған отқа ұқсас жергілікті ландшафттар оның тылсым күштердің әсерінен пайда болғанын ойға келтіреді.
  • Мәңгілік мұздармен қапталған, пирамидалық шыңдарымен бұлттарға тірелген Мұзтау.
  • Марқакөл қорығы және «Семей орманы» табиғи резерваты.
  • Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы және Тарбағатай ұлттық паркі.

Тарих, өнермен де танысқыңыз келсе, келесі орындар аса қызықты болары сөзсіз:

  • Аягөз қаласының маңында орналасқан Қозы Көрпеш және Баян Сұлу кесенесі.
  • Семей қаласындағы Абайдың әдеби-мемориалды мұражайы және ұлы ақынның туған жері Жидебайдағы үй-мұражайы.
  • Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайы. Мұражай әлемге әйгілі жазушының XIX ғасырдағы жер аудару кезінде өмір сүрген үйінде орналасқан.
  • Шығыс Қазақстан облысының этнографиялық мұражай-қорығы.

Бұл облыста демалу үшін нақты қайда баратыныңызға байланысты, климаттық жайғдайлар өзгеруі мүмкін. Мұндағы климат, еліміздің барлық жеріндегідей, шұғыл-континентті, яғни көктем мен күзде температура күрт өзгеріп, жауын-шашын да кенеттен жаууы мүмкін. Сонда да, Шығыс Қазақстан облысы жазда да, қыста да керемет! Сапарға шығудың алдында ауа райы болжамын біліп алып аттансаңыз болғаны.

Photo gallery

Катонқарағай ұлттық табиғи паркі

Add your photo

Choose one or more photo

PublicationsAll publications