menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Алматы облысы

Ұлттық саябақтар аясында табиғатпен етене жақындасып, көрнекті орындарда тарихпен тілдесуге мүмкіндік беретін, шаңғы курорттарында денені шынықтырып, шипажайлардағы емі жан мен тәнге медеу болатын бұл жер – Қазақстанның туристік Жерұйығы іспеттес
Уақыт белдеуі

Уақыт белдеуі

GMT +6

Аймақ ортасы

Аймақ ортасы

Талдықорған

Ауа райы

Ауа райы

20°C

Туристік нысандар

Туристік нысандар

50

Алматы облысы

Алматы облысы қарама-қайшылықтардың керемет үйлесуімен және жүз шақырым сайын ауысып отыратын керемет пейзаждарымен таңғалдырады: таңертең 2510 метр биіктіктегі Үлкен Алматы көлінде болып, түстен кейін шөл далада, Айғай құмның бөктерінде тұруыңыз әбден мүмкін!

Сізді таңғалдыратын 11 жер

Алматы облысының көрікті жерлері:

  • Аса көркем көлдер: суға батқан «қорғаушылары» бар Қайыңды және бірі бірінен жоғары орналасқан Көлсай көлдері.
  • Шарын шатқалындағы «Қамалдар мекені». Дәл осы жерде мұз дәуірінен бері өсіп келе жатқан Шаған тоғайын да көруге болады.
  • Алматы қаласының ең танымал көрікті орнына айналған Үлкен Алматы көлі.
  • Айғай құм. Аздап соққан жел барқан шыңынан құмдарды түсіріп, төбені орган дыбысына ұқсас дыбыстармен гуілдетеді.
  • Көркем жасыл шатқалда жасырынған 120-метрлік Бұрхан-Бұлақ сарқырамасы.
  • Түрген сарқырамалары. Оларға апарар жол алабалық шаруашылығы, түйеқұс фермасы, ашық аспан астындағы этнобақ арқылы өтеді.
  • Ақбұлақ, Ойқарағай, Табаған биік таулы курорттары.
  • Асы үстірті. Өзінің табиғи және астроклиматтық жағдайларының арқасында, үстірт – әлемдегі ең қуатты телескопы бар обсерватория құрылысына арналған үздік орын.
  • Тамғалы тас мекені. Мұнда жартасқа салынған, керемет анық сақталған көне суреттерді көруге болады.
  • Көптеген тері ауруларына, орталық жүйке жүйесіне, қимыл-тірек аппаратына ем болатын ерекше емдік суы бар ащы-тұзды Тұзкөл.
  • Шалкөде жайлауы – нағыз көшпенділер аймағы. Мұнда жаз бойы киіз үйлер қаптап тұрады, бұл жерде нағыз даланың айқын көрінісін, көшпенділер тұрмысын көріп, сезінуге болады.

Алматы облысында ауа-райы жылдың әр кезінде қуантады: көктемнен бастап, күздің ортасына дейін температура деңгейінің +20 градустан төмен түсуі сирек; қыстыгүні де жылы болады - қаңтардың орташа температурасы -5 градус.

Бұл аймақта қандай қызықты шығармашылық бар?