Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысы

Кіршіксіз аппақ сұлу тауларымен көз тартатын табиғаттың ерекше сыйы – Ақтолағай үстірті жаңалыққа құштар жандарды қызықтырмай қоймайды. Әлемді аузына қаратқан Димаштың отаны ретінде де бұл өңір туристерді көптеп тартуда
Time left

Time

GMT +5

Center

Ақтөбе

centre of province

Spots

3

tourist attractions

Time left

Weather

+29°C

Ақтөбе облысы

Димаш Құдайбергеннің фанаттарына арналған турда, әйгілі әншінің туып-өскен қаласы – Ақтөбенің орны ерекше. Бұл турда Димаштың өмір сүрген, оқыған орындарымен танысуға және танымал тұлғаның жақындарымен сұхбаттасуға мүмкіндік болады.

Ал қаладан тыс жерлерде, облыстың табиғи және тарихи орындарына барып көргіңіз келсе, жергілікті туристік компанияларға жүгінуіңізге болады.

Таңғажайып табиғатты тамашалау

  • Ақтолағай үстірті – Ақтөбе облысының ең танымал табиғи орындарының бірі. Міндетті түрде бұл жерлерде 1-2 күнге қалып, аппақ қардай таулар мен үңгірлерді кезіп, аңызға айналған «Шахмат тастарын» тамашалап, тастардан көне жануарлардың қалдықтарын іздеуге болады.
  • Биіктігі 50 метр геологиялық қима – Айдарлыаша стратотипі. Ол аттас өзеннің маңында орналасқан; оның қатпарларында ежелгі акулалардың тістері мен сүйектері, моллюск қабыршақтары, сондай-ақ мыңдаған жылдар бұрын бұл жерде теңіздің толқындап жатқанын дәлелдейтін басқа да көптеген заттар табылған.
  • Өте көркем Ащылысай (Қасқыр) сарқырамасы (Ақтөбеден 120 шақырым жерде).

Тарихқа қол ұшын тигізу:

  • Асан-Қожа қорымы. XVIII-XX ғасырдағы қабір үсті құрылыстарының ірі кешені, Қазақстандағы ең үлкендерінің бірі.
  • Керуен Сарай. Ұлы Жібек Жолы кезінде Көкжар жәрмеңкесі өткен аймақ.
  • Облыс орталығы Ақтөбе қаласында міндетті түрде Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Тұңғыш Президент саябағына барып көріңіз.

Жазғы мезгілде мұнда ыстық күндер өте сирек болады, әдетте, ауа-райы температурасы 25 градустан аспайды. Қыста да температура рекордтық аяздарға жетпейді – қаңтардың ең төмен көрсеткіші – 14 градус.

Photo gallery

Ақтолағай бор үстірті

Add your photo

Choose one or more photo

PublicationsAll publications