Алматы

Алматы

Алатаудың бауырайында жайқалған арайлы Алматы әрдайым сізге және жақындарыңызға жанды жадыратар саяхат сыйлауға әзір. Еліміздің ең ірі шаһарында отбасылық демалыстың сәнін келтірер игіліктің барлығына қол жеткізе аласыз
Time left

Time

GMT +6

Spots

16

tourist attractions

Time left

Weather

+19°C

Алматы

Жылдың кез келген уақытында қызыққа толы, өзінің керемет атмосферасы бар әсем қала! Сонымен қатар, Алматы – жарты сағатта ғана халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курортына жетуге болатын әлемдегі жалғыз мегаполис десек артық айтпаспыз! Қыс мезгілінде мұнда өте жайлы – мүлде суық болмайды деуге болады, ал айналадағы аппақ ұлпа қар және ақ жамылған үлкен шыршалар қаланы жаңа жылдық фильмдерге арналған декорацияға ұқсатып жібереді. Көшедегі түрлі түсті шамдар, жарқырап тұрған дүкен сөрелері, салтанатты ғимараттар, қызықты мүсіндер мен әшекейлер... Көктем мен жаз мезгілдерінде Алматы сізді өз жылуымен, қылқан жапырақты ағаштарының хош иісімен және жазғы дәмханалардан, кофеханалардан аңқып тұратын иістермен баурап алады. Кешкісін, қалаға салқындық түсе салысымен серуенге шығып, таңға дейін қыдыруға болады. Бұл жерде көңіл көтеруге арналған сан алуан қызық түрлері бар!

Алматыда туристке қайда баруға болады?

  • Бүкіл отбасымен баруға болатын классикалық локациялар: Ботаникалық бақ, 28 панфиловшылар бағы, Көк базар, Зообақ, Океанариум, Аквапарк. Жергілікті сәулет құрылыстарын тамашалауға жаңа алаңға бет бұрыңыз. Ескі алаң және Абай атындағы алаңға да барып көріңіз – бұл жерде әрдайым қызықты шаралар өтіп жатады.
  • Көк-Төбе, Медеу, Шымбұлақ – белсенді туризм үшін таптырмайтын жерлер, әсіресе қаладан алысқа ұзағыңыз келмесе.
  • Қалалық сауықтардан кинотеатрлар және сауда орталықтары өте көп. Кез келгенін таңдаңыз – әр жер өте заманауи, әдемі әрі ерекше болып көрінеді. Жүздеген алуан түрлі дәмханалар, мейрамханалар, клубтар, бильярд ойнайтын орындар мен басқа да көптеген сауықтыру орындарын айтпаса да болады.
  • Бұл қалаға демалуға келсеңіз, міндетті түрде Алматы облысында орналасқан жақын жердегі табиғи орындарға да барып көріңіз: Үлкен Алматы көлі, Шарын шатқалы, және тағы басқалары.

Жылдың кез келген мезетінде бұл қала сізді құшағын жая қарсы. Алматы - нағыз туризмге арналған қала, сол себептен оған көбірек уақыт бөлгеніңіз жөн.

Photo gallery

"Шымбұлақ" Тау шанғы курорты

Add your photo

Choose one or more photo

EventsAll events

PublicationsAll publications