Түркістан облысы

Түркістан облысы

Бұл өлке - төрткіл дүние көз тіккен Ұлы Жібек жолының құтты торабы. Талай ханның билігін көрген Түркістан, жойқын шайқастарды өткерген Отырар, сәулет өнерінің теңдессіз туындысы танылған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – осы өлкенің бас мұралары
Time left

Time

GMT +6

Center

Түркістан

centre of province

Spots

10

tourist attractions

Time left

Weather

+28°C

Түркістан облысы

Түркістан – ежелгі Ұлы Жібек жолы тармақтарының бірінде орналасқан киелі қала. Бұл жерде халық арасында құрмет пен қадірге ие болған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан.

Көне ескерткіштерінен бастап, белсенді демалысқа шақыратын табиғи орындары, минералды сулармен емдеу кешендері – барлығы бүгінгі күні саяхатшылардың назарында.

Түркістан облысына саяхат

Оңтүстік өлкенің тарихи орындары

Түркістан облысына саяхат ешқашан естімеген тарихи деректерге, аңыздар мен хикаяларға толы болары сөзсіз. Бүгінгі күнге дейін сақталған көне ғимараттардың сәулеті шынында да таң қалдырады, «адамдар заманауи құралдарсыз мұндай ғажайыптарды қалайша салған?» - деген сұрақтар санаңызда еріксіз пайда болады.

  • Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және Әзірет Сұлтан қорық-мұражайына кіретін басқа да тарихи орындар: Қылует жер асты мешіті, Жұма мешіт мұражайы, Рабиға Сұлтан бегім кесенесі, және басқалары.
  • Арыстанбаб кесенесі. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жол тартқан әрбір зияратшы алдымен оның ұстазы Арыстанбаб кесенесінде түнейді.
  • Сауран қалашығы. Қалашықтың атауы жазба деректерінде Х ғасырдан бастап кездеседі. Қазіргі уақытта бұл жерде археологиялық қазбалар жалғасып, қалпына келтіру бойынша жобалар жүзеге асырылуда.
  • Отырар қалашығы. Бұрын Фараб деген атпен белгілі, Орта Азиядағы ең көне қалалардың бірі, сауда және қолөнер орталығы, дипломатиялық, әскери-стратегиялық маңызы болған қала.

Туристерді ұлттық саябақтар мен қорықтарда күтіп тұрған керемет табиғи ландшафттар таңқалдырмай қоймайды.

  • Қаратау табиғи қорығы
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркі
  • Ақсу-Жабағылы қорығы
  • Ақмешіт үңгірі – Түркістан облысының киелі жерлерінің бірі.

Түркістан облысының емдеу-сауықтыру орындары да кеңінен танымал, мысалы Сарыағаш ауданында 30-ға жуық шипажай бар.

Еліміздің оңтүстігінде орналасқан өңірде ауа райы өте жайлы. Жаздыгүні аптап ыстық болса да, көктем ерте шығып, далада қығалдақтар құлпырады. Ал қыстыгүні бұл жерге «жылыну» үшін келуге болады, себебі еліміздің басқа өңірлерінде қар жатқан кезде, бұл жерде күн шуағы қыздырып, қарсы алуға дайын тұрады.

Photo gallery

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Add your photo

Choose one or more photo

PublicationsAll publications