menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Маңғыстау облысының көрікті жерлері

362 әулие мекені саналған киелі өлкені қазақ жасампаздығының көл-көсір шежіресі десек еш жаңылыспаймыз! Қазақстанның өрлеп дамуына үлес қосып жүрген портты Ақтау мен Каспийдің жағажайлары да жыл сайын мыңдаған саяхатшыларды еліктіріп, көңілдерін баурауда
Уақыт белдеуі

Уақыт белдеуі

GMT +5

Аймақ ортасы

Аймақ ортасы

Ақтау

Ауа райы

Ауа райы

28°C

Туристік нысандар

Туристік нысандар

21

Манғыстау облысы

Маңғыстау облысына бір рет болсын сапар шеккен әрбір жан бұл түбектің бірегей екенін бір ауыздан құптайды. Оның бір ерекше энергетикасы бар, мұнда мистикалық және тарихи маңызы бар киелі жерлер көп. Өңірдің табиғаты қатал болғанымен, ғажайып ландшафттары басқа ғаламшарлар жайында фильмдер түсіруге арналғандай әсер береді. Мұның себебі де ерекше: 5 миллион жыл бұрын Үстірт көне Тетис мұхитының астында болған. Алдымен алып толқындар жұмсақ әктасты шайып, одан кейін жел мен күн жер бедеріне алуан түрлі формалар беріп, ісін аяқтаған.

Маңғыстауға саяхаттау ерекшеліктері

Бұл өңірдің әсем жерлеріне қолайлы саяхаттау үшін сізге жол талғамайтын көлік, мол су, жеңіл киім және күн сәулесінен қорғайтын барлық жабдықтар қажет болады.

Ұмытылмас фантастикалық пейзаждар:

Маңғыстау облысының көрікті жерлері: 

  • Бозжыра шатқалы, басқа ешбір жерде кездеспейтін бірегей көрініс – аппақ жазық дала ортасында орналасқан алып шыңдар, кейінгі кезде ерекше фотосуреттер түсіруге арналған орынға айналды.
  • Аңызға айналған Шерқала тауы – бірде алып киіз үйге, бірде тасқа айналған арыстанға ұқсайтын аппақ қорған түріндегі тау.
  • Торыш шар алқабы. Пайда болуы туралы әлі де пікірталас азаймаған, сфера түріндегі ірі тастарға толы алқап көз тартарлық ғажайып көрінісімен таңғалдырады.
  • Тас дәуірінде еңбек саймандары жасалған шеберхана орналасқан Қапамсай борлы шатқалы.
  • Түбінде, әктасты тақталарда, неоген дәуіріндегі тасқа айналған жануарлардың қалдықтары айқын көрінетін Жығылған мүйісі.

Маңғыстау облысының тарихи және киелі жерлері:

  • Бекет ата, Шақпақ ата, Сұлтан үпі және тағы басқа жер асты мешіттері. Бұл жерлерге осы күндері зиярат етуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген адамдар келеді.
  • Ортағасырлық Қызылқала қаласы, одан алыс емес жерде жартасқа салынған көне суреттер сақталған.

Көптеген көрікті жерлерге апаратын мінсіз жолдардың жоқтығынан, ыстық ауа-райынан және далалы жерлерде түнеу мүмкіндігінен қорықпаңыздар, себебі мұның барлығы – саяхатшының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі, және Маңғыстау өлкесі әрбір туристің жүрегінде қалдыратын ұмытылмас әсердің арқасында бұл қиындықтар еленбей қалары сөзсіз.

Бұл аймақта қандай қызықты шығармашылық бар?