Қызылорда облысы

Қызылорда облысы

Қазақтың дархан даласынан бастау алатын ғарышқа апарар төте жолдың «қақпасы» – осы өңірдегі Байқоңыр. Тыныс-тіршілігі түгелдей ғарышпен байланған шаһардағы көрнекті орындардың барлығы дерлік Жерден тыс кеңістікті игеру тарихы жайлы сыр шертеді
Time left

Time

GMT +6

Center

Қызылорда

centre of province

Spots

6

tourist attractions

Time left

Weather

+26°C

Қызылорда облысы

Қазақстанның оңтүстік өңірінде жайғасқан Қызылорда облысы туристерді шуақты күндерімен және бай тарихи мұрасымен қуантады.

Жұлдыздарға ұмтылу

  • Туристерге толы экскурсиялық топтардың жиі баратын ең қызықты жерлердің бірі – Байқоңыр ғарыш айлағы. Адам баласы алғаш рет ғарышқа дәл осы жерден ұшқан болатын! Ал бүгінде Байқоңырда ғарыш аппараттарын ұшыруды бақылауға мүмкіндік беретін экскурсиялар жүргізіледі, сондай-ақ бұл жерде «Гагаринский старт» деп аталатын алаңды көріп, ғарыш айлағының тарихи маңызы бар түрлі кешендерімен танысып, мұражайынан қызықты экспонаттарды көруге болады.

Тарихи мұра

  • Джан қала, Сығанақ және Жаңакент секілді көне қалашықтардың, ірі сауда орталықтардың және хан ордаларының қалдықтарын көру де қызықты болмақ. Ал Шірік-Рабат қалашығы кемінде бір мың жыл бойы сақ көсемдерінің ордасы болған!
  • Қармақшы ауданында орналасқан, бүкіл түркі дүниесіне ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атаға арналған мемориалды кешен.

Көркем табиғат

  • Арал теңізіндегі бұрын арал болған, бүгінгі күні сирек кездесетін жануарлар мен құстардың мекендеу ортасы – Барсакелмес қорығы.
  • Бұл ыстық аймақты көкке ораған көркем Сырдария өзені, балық аулауға арналған тамаша орындардың бірі.

Сонымен қатар, мұнда уақытты денсаулыққа арнап өткізуге болады

  • Көптеген аурулардың белгілерін жеңілдететін немесе жоятын Жаңақорғанның емдік саздары.
  • Қамыстыбас – адам денесі батпайтындай ащы, тұзды көл. Мұнда шалқаңыздан жатып, күн шуағына шаттанып, минералды тұздармен организмді сауықтыруға болады.

Photo gallery

Қамыcтыбас көлі

Add your photo

Choose one or more photo

PublicationsAll publications